Өлеңдер ✍️

  11.10.2021
  189


Автор: Исраил Сапарбай

Қарақат көз, қарағым, мойыл – жанар

Қарақат көз, қарағым, мойыл – жанар,
Қандай жiгiт қалаулы ойыңда бар?
Он сегiзге жеткенше ойын болар,
Он сегiзден өткен соң тойың болар.
Тойың болар,
Той кешi думан болар,
Жаның, тəнiң өртенiп, құмар қанар.
Ал сонан соң,
көз алдын көлегейлеп
көшкен көңiл орнында тұман қалар,
Бiрақ мұны жас кезде кiм аңғарар?
Қызғалдаққа қырмызы ұқсап өңiң,
Үлбiрейсiң үзiлiп қыпша белiң.
Жүрегiмде жүз үмiт күрсiнедi,
Жай-күйiмдi, жаным-ай, ұқсаң едiң.
Ұқсаң едiң,
ойымнан шықсаң едiң,
Жабығады-ау жас жүрек жықса көңiл.
Дерттi жүрек, өлеңшiл өрттi жүрек
Айығар ма арудың жұтса лебiн?..
Ақ қанатты желкенше жайып келiп
Айдыныма қонып ең лайық көрiп,
Алданышы көңiлдiң, аққуым-ай,
Қолдан ұшып кетпешi ғайып болып?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу