Өлеңдер ✍️

  10.10.2021
  106


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

Мен кім болар ем...

Мен кім болар ем,
Соғыстан сен келмесең,
Мен кім болар ем,
Кісілікті, адамдықты сен бермесең.
Мен кім болар ем,
Осынау шыққан биігім, бақытымды,
Шындап, шындап берген сен демесем.
Ауырамын қорықпа дедің бірақ,
Қу жан-ай бірге туған ұштың құрақ.
Жай басқан арық қана шал болсаң да,
Мен үшін жанып тұрған сен бір шырақ.
Көргенде солған сенің жақтарыңды,
Іш дүнием бүкіл менің ақтарылды.
Құрысын жиған мүлкі, көрген күлкі,
Ал бауырың, сен сау қалсаң, атқа мінді...

26.08.78 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу