Өлеңдер ✍️

  10.10.2021
  146


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

Дарханға

Дархан деген осы бір бала ма екен,
Туысынан жаралған дара ма екен.
Бүлініп мынау дүние тұрған шақта,
Бүтіндеп жөнге салар дана ма екен.
Ұйықташы Дарханым,
Саған үміт артамын,
Бейілін беріп халқыңның,
Кендігін жазсын арқаның.
Айналайын атыңнан Дархан деген,
Жамандықты көрмейік саған келген,
Ғасыр соңы болғанда қарттық жетіп,
Бақытпысың әлдебір маған келген.
Ұйықташы балдырған,
Сүйсе мейір қандырған,
Әйгілі болшы бірегей,
Кеудеде от жандырған.
Кіп-кішкентай аузың бар ашылатын,
Мінезін жоқ ұйқыны қашыратын.
Саған қарап аташың мәз болады,
Бола ма деп бір мықты бас құратын.
Ұйықта, Дархан, балашым,
Атаңнан не аласың?
Пұштиған ғана күшік-ау
Тәтті боп неге барасың.
Атаңнан не аласың?

1989 ж. сәуір




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу