👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  10.10.2021
  21


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

Домбай әсерлері

Әсер:
Зәуліммен үшеу болып
Домбай бардық,
Аспалы жолмен жүріп сайран салдық.
Табиғат мұнша сұлу болады екен,
Көркіне көз тойғысыз қайран қалдық.
Қарағай, қалың шырша жері қандай,
Mac қылған жұпар иіс демі қандай.
Шың құздан құлап аққан бұлақтары,
Төменде тұнып жатқан көлі қандай.
Тап-таза ауасы бар тіпті жұмсақ,
Шіркін-ай, мынау жерде біраз тұрсақ.
Кемінде бір он жасқа жасарар ма-ек,
Самалда салиқалы сайран құрсақ.
Базарда:
Шын ерлік сылтып жүрген Зәкендікі,
Онан соң алып келген Кәкендікі.
Орекең шекесінен шерте қарайды,
Дегендей мұның бәрі әкемдікі
Башайды берсем-дағы кофта аламын,
Мұндайға бәріңнен де епті адаммын.
Домбайды көрмек тұрғай көшірдік деп,
Жандарға ақша берген деп барамын.
Орынша түкті мұнда жақтырмайды,
Кәкең жүр мынаны ал деп таптырмайды.
Орекең ұстады өзін, тәуба құдай,
Қолынан жұлып алып лақтырмайды.
Дегенмен аларды кеп Кәкімжанға,
Кәкенде қарсы айтуға батыл бар ма.
«Менікін ал, менікі жақсы» деген,
Жаутаңдап қарай берді қатындарға.
Түйін:
Кеткенше шыдадым-ау азар ғана,
Көрікті жер көрген соң базарлама.
Бұл сапардан жасалған жақсы түйін,
Өзге әйелмен барған жөн базарға да.

1975 ж.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы