Өлеңдер ✍️

  10.10.2021
  100


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

Сүлік сорған

Аурухана.
Жатырмыз біз үш адам,
Сыртымызда еш белгі жоқ ауруға ұқсаған.
Бірақ жүрміз халат киіп, дәрі ішіп,
Кейде түгел, кейде оны да шала ішіп.
Көңіл шіркін өстіп тұрса өзі де,
Сырқат деген қояр ма екен сезіле.
Әр-берден соң күтіп жүрген қыздардың,
Күлім қағып, қадаламыз кезіне.
Сылап-сипап маужыратар шағы бар,
Одан да еткен небір емі тағы бар.
Құрақ ұшып, жаны қалмай жүгірген,
Мұндай қыздар қай шаһардан табылар.
Сәкеңе сап тал жүректен сүлікті,
Бір сестра сонша оған қызықты.
Кімді кімнің сүлік болып сорғанын,
Бір тәңірім өзі ғана біліпті.
Қан-қан болып омырауы шыққан соң,
Деп ойладық не де болса бір қамалды бұзыпты.
Кәкең де жүр сүлік болса алам деп,
Біраз күнге емделуге қалам деп.
Сорғызсам деп елеңдейді Мұқаң да,
Әттең дүние, аяғымда жарам көп.

29.11.80. Орталық больница




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу