Өлеңдер ✍️

  10.10.2021
  117


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

Төлеухан Кенжебаевқа

(«Саржайлау» әнінің ырғағымен айтылады)

Жазира, жаны жайсаң, асыл Төкең,
Дос-туысқа сүйкімді, атың Төкең.
Елуге енді ғана жетсең-дағы,
Сиреп қапты-ау басында шашың, Төкең,
Нар жігітім!
Қайырмасы:
Көңілің шалқар, бейілің кең,
Дархан, дара, жүрегің — кең
Бере салған, беу, Төкем-ай,
Тұлғаң тұтас, Нар жігітім!
Сонау бір студенттік шақта біздің,
Жүрекке от салдың талай қыздың,
Нар жігітім!
Нұрзағыш қызғанбасын өткен іс қой,
Қыздар үшін талайдың мұрнын бұздың,
Нар жігітім!
Қайырмасы:
Көңілің шалқар, бейілің кең,
Дархан, дара, жүрегің — кең.
Бере салған, беу, Төкем-ай,
Тұлғаң тұтас, Нар жігітім!
Сен бүгін ата болдың, жасың келді,
Кәрілікке қайтесің басың көнді,
Нар жігітім!
Шүкірлік, құдайыңа мың тәубә ғыл,
Нұрзағыштай ақ ару қасыңа ерді,
Нар жігітім!
Қайырмасы:
Көңілің шалқар, бейілің кең,
Дархан, дара, жүрегіңнен.
Бере салған, беу, Текем-ай,
Тұлғаң тұтас, Нар жігітім!
Арқасы соның мынау тойда отырмыз,
Сен жөнінде не ғажап ойда отырмыз,
Нар жігітім!
Кең сарай, ешкімде жоқ, үйің мынау,
Тап осы үйде сан тойға жиылдық-ау,
Нар жігітім!
Қайырмасы:
Көңілің шалқар, бейілің кең,
Дархан, дара, жүрегің — кең.
Бере салған, беу, Төкем-ай,
Тұлғаң тұтас,
Нар жігітім!
Асықтай үйіріліп балалар жүр,
Көрер ме еді, тап осыны балалар бір,
Hap жігітім!
Төк бүгін, барыңды әкел, еш аянба,
Жігітті бағы жанған табалар кім?
Нар жігітім!
Қайырмасы:
Көңілің шалқар, бейілің кең,
Дархан, дара, жүрегің — кең.
Бере салған, беу, Төкем-ай,
Тұлғаң тұтас,
Нар жігітім!
Ағаңның батасын ал, жай қолыңды,
Құдайым саған берсін, жайлы орынды,
Нар жігітім!
Нұрзағыш бір қыз туар, шамаң болса,
Түсімде оң жағыңнан ай көрінді,
Нар жігітім!
Қайырмасы:
Көңілің шалқар, бейілін кең,
Дархан, дара, жүрегің кең.
Бере салған, беу, Төкем-ай,
Тұлғаң тұтас, Нар жігітім!
Батамды қабыл алсаң, құй арақты,
Біз ішпесек, кім ішеді бұл арақты?
Нар жігітім!
Елуге Төкең біздің келген күні,
Деп жүрсін коньяктан бұлақ ақты,
Нар жігітім!
Қайырмасы:
Көңілің шалқар, бейілің кең,
Дархан, дара, жүрегің — кең.
Бере салған, беу, Төкем-ай,
Тұлғаң тұтас,
Нар жігітім!

Алматы, 30 декабрь, 1979 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу