Өлеңдер ✍️

  10.10.2021
  300


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

Өлеңдер топтамасы

Мен ақын емеспін. Бірақ кей кезде келіп қалған ойларды өлең жолдарымен қағазға түсіретін әдетім бар. Сондай бір толқу сәтінде, қиналу сәтінде және әзіл-қалжың ретінде мына шумақтарды көкейге келгенде жазып жүретінмін.

Арғымағын жамандап,
Тұлпарды қайдан табарсың.
Тұйғыныңды жамандап,
Сұңқарды қайдан табарсың.
Ой зергерін жамандап,
Көсемді қайдан табарсың.
Сөз зергерін жамандап,
Шешеңді қайдан табарсың.
Қызғаныштың қыл құрты,
Түбіме жетсін демесең,
Өзіңе-өзің егесіп,
Өзгермейсің неге сен?
Табалау, таптау, қаралау,
Қалдырар мықтап ұятқа.
Парасат, ақыл, адал ар,
Жеткізер түбі мұратқа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу