08.10.2021
  6432


Қызым бүгінгі 18 жасың құтты болсын!!!

Мені Ана деген қасиетті атқа жеткізген,тұла бойым тұңғышымның бүгін 18 деген керемет жасқа толған туылған күні бүгін ? Кеше ғана кіп -кішкентай қызым едің ?
Қызым бүгінгі 18 жасың құтты болсын!!! Уақыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме секілді. Сол кеменің жүрісімен сен де ,өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалық шақтың жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі ,жастық шаққа да келіп жеттің. Өмірдің шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар жүреді қашанда.. Солармен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын ботам. Аңсаған арманына тек бакытпен жете ғой балапаным ?Жолыңда тек жақсы адамдар кездессе екен деп сұраймын?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу