07.10.2021
  3224


Ұлым мүшел жаста 13-ке толды

Қайырлы күн, бүгін менің екінші ұлым Ерасыл 13 жасқа толды.
Мүшел жас жөнінде әлі талқылау мен талас бар, біреу кіріп жатыр, біреуі шығып жатыр дейді. Менің өз шарттарым бар.
3 баланың анасы ретіндегі өз кеңестерім:
1. 12 ге толған кезде құрбан шалу керек, етін бөліп үлестіріп жібересіз.
2. 21 шелпек пісіресіз, 7 нанды құран оқытып мешітке апарасыз, 7 нанды ойнап жүрген далададағы балаларға, 7 нанды үйде алып қаласыз. Мен әр күнде дайындаймын, бір күнде де болады.
3. Баланың сақтығын қадағалайсыз, тым кеш немесе ерте, қарбалас уақыттарда.
4. Мүшелдің алдында да, шығарда да баламен бірге барып мешітке құран оқытасыз.
Балаларыңыз мүшелден мүшелге аман есен өсіп жүре берсін!?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу