Өлеңдер ✍️

  06.10.2021
  4418


Туған күнің құтты болсын, жан қызым!

Туған күнің құтты болсын, жан қызым!
Айданам менің еркелеген сəн қызым!
Ата - анасын жетелейтін жұмаққа,
Алтыннан да қымбат маған əр қызым!

Қызым менің қызғалдағым, тұңғышым!!!!
Бойжетіп сен келесің міне, жұлдызым!
Денсаулығың мықты болсын, жүрегім!
Орындалсын арман - ойың, тілегің!

Қызым менің қызғалдағым, шырайлым!
Саған бақыт жаратқаннан сұраймын!
Иман нұры жүрегіңді толтырып!
Тура жолмен жүре бергің, арайлым!

Күн нұрындай жайнай берші, жарқыным!
Қуанышқа толы болсын əр күнің!
Денсаулығың мықты болып, ауырмай!
Аман - есен көз алдымда жүре берші, алтыным!

Қабыл етіп Аллам осы дұғамды,
Ұзақ болсын ғұмырың əрі мəнді!
Жақсы оқы сабағыңды, озат бол!
Ата - анаңнның саған деген тілегі сол! ??❤️????? Айдана біз папа екеуміз сені мақтан етеміз❤️біз сені өте жақсы көреміз❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу