Өлеңдер ✍️

  05.10.2021
  351


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Ибалы қыз

   Ибалы қыз


Бір кездерде улап-шулап жүрген ек,


Үлкендерге басымызды иген ек.


Сол күндердін аспаны да биік еді,


Көлдері де тұнық еді.


            Қыздары да сұлу еді,


            Қыпша белді, тал шыбықтай.


           Жүздерінен нұр төгілген,


           Жүректерден пәк сезімнің лебі ескен.


Көркем мінез, күлім қаққан,


Ибалылық бір өзіне,


Бала кезден,


Бала кезден серік болған.


            Ойларында тосын,


            Әрі терең.


            Мұнайғанды жұбатып,


           Ойланғанға ой салған.


Нәзік дауысын, уақытпенен есейгендей,


Айтқан сайын құлағыма жағып тұрады.


Әр кезде де, адамдарға жылы шырай танытып,


Бар қазақты бауырына басқын кеп тұрады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу