02.10.2021
  2297


1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтаймын!

Құрметті ардагерлер!


Баршаңызды 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтаймын!
Қазақстанда жылда бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсетіледі.
Осы тұрғыда түркі халықтарының ортақ білім шаңырағына айналған оқу орнымыздың ардагерлері университетіміздің қалыптасуы мен өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз ерекше құрметке лайықты.
Талай жасты тəрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Біз, сіздердің тағылымды, өмірлік тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздер өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер.
Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі.
Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!


Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік
университетінің ректоры
Болатбек Абдрасилов




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу