02.10.2021
  784


Әжетайға тілек

Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз!
Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп - баптап өсірген ұл - қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір - бір шаңырақты құрап, өсіп - өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» - дейді. Алла сізге күш - қуат берсін! Ұл - қыздарыңыз бен немере - шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу