Өлеңдер ✍️

  28.09.2021
  2545


Автор: Жібек Ысқақова

13-ЖАС ҚҰРБЫМА туған күнге тілек

Туған күнің жан құрбым құтты болсын,
Өміріңде қуаныш, шаттық болсын.
Есік ашты бірінші мүшел жасың,
Құтты болсын жан құрбым, құтты болсын.

Бар жақсыны тілеймін жаным саған,
Арманыңа жете бер сен аңсаған.
Он үш жасың қуаныш алып келіп,
Сыйлай берсін жан құрбым бақыт саған.

Өміріңде қайғы-мұң болмасыншы,
Бар жақсылық жан құрбым орнасыншы.
Әрқашанда құрбыжан бір өзіңді,
Жаратушы иеміз қолдасыншы.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу