Өлеңдер ✍️

  28.09.2021
  906


Автор: Жібек Ысқақова

13-ЖАС ДОСЫМА туған күнге тілек

Құтты болсын жан досым туған күнің,
Бірінші мүшел жасыңа аяқ бастың.
Алла жар боп өзіңе бүгін міне,
Жаңа өмірге жан досым есік аштың.

Қуанышқа бөлесін әрбір күнің,
Шыға берсін жан досым шаттықта үнің.
Өмірнің мәні мен сәні артып,
Көңіліңде таусылмасын ән мен жырың.

Қуанышын сыйласын бұл мүшелің,
Бар жақсылық орналып, бақытты бол.
Амандықты тілеймін саулығыңды,
Жолың болсын жан досым айтарым сол.

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу