Өлеңдер ✍️

  28.09.2021
  783


Автор: Жібек Ысқақова

13-ЖАС НАҒАШЫМА ТІЛЕК (1-МҮШЕЛ)

Бүгінгі күн ерекше, бүгін мейрам,
Нағашымның он үшке толған күні.
Бірінші рет мүшел жас есік қақты,
Тербетіліп көңілдің ән мен жыры.

Құтты болсын нағашым жаңа жасың,
Болсын деймін қашанда аман басың.
Жастан жасқа жете бер қуанышта,
Ұзақ болып нағашым өмір жасың.

Мүшел жасың жетелесін бақытқа,
Жетелесін әрбір күнің шаттыққа.
Жаны жайсаң мейірімді нағашым,
Лайықтысың баға жетпес бақытқа.

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу