👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  28.09.2021
  2301


Автор: Жібек Ысқақова

13-ЖАС ҚЫЗЫМА туған күнге тілек

Қызғалдақтай құлпырған аппақ гүлім,
Бүгін сенің ерекше туған күнің.
Толып жатсың жан қызым он үш жасқа,
Лүпіл қағып кеудеңде жүрек үнің.

Бірінші мүшел жасың кеп есік қақты,
Балалығың тарих боп есік жапты.
Бақ әкелсін бірінші мүшел жасың,
Жарқыраған күміс пен алтын сапты.

Жайнай берсін өмірің гүл көктемдей,
Салқын самал аймалап, кеп өпкендей.
Нұрлы болсын жан қызым әрбір күнің,
Жақсы әуен жаныңды тербеткендей.

Күлімдей түс жан қызым, жарқырай түс,
Өзендейін гүрілдеп, арқырай түс.
Сәттілігін әкеліп мүшел жасың,
Әрбір істің жай жапсарын талқылай түс.

Көңіліңді шалмасын кірбің мүлде,
Қайғы-мұңын бермесін өмір мүлде.
Алла өзі жар болып биіктей бер,
Шаттық орнап жан қызым көңіліңде.

Жібек Искакова


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы