Өлеңдер ✍️

  28.09.2021
  6529


Автор: Жібек Ысқақова

13-ЖАС ұлыма туған күнге тілек (1-МҮШЕЛ)

Бауыр етім батырым, жаным балам,
Он үш жасқа сен бүгін бастың қадам.
Құтты болсын бірінші мүшел жасың,
Тілеймін мен таусылмас бақыт саған.

«Он үш жаста бір отау иесі» деп,
Ұлдар жайлы сөз еткен ата-бабам.
Ақыл кіріп, ес жияр жасқа жеттің,
Ел алдында құлыным, артсын бағаң.

Арманыңа қанат байлап биік самға,
Мақсатыңа ұмтылым жаным балам.
Абыройың асқақтасын ел алдында,
Тәнті болып өзіңе барлық адам.

Бірінші мүшел жетелесін екіншіге,
Алла жар боп арманың орындалып.
Амандықта жастан-жасқа жете бергін,
Тығырықтан шығатын жолын тауып.

Әр қадамды бас балам сенімменен,
Мақсатына жетеді ерінбеген.
Озат оқып оқуды, еңбек еткін,
Еңбек етпей білім оңай берілмеген!

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу