Өлеңдер ✍️

  28.09.2021
  742


Автор: Жібек Ысқақова

13-ЖАСҚА ТІЛЕК-ӨЛЕҢ (1-МҮШЕЛ ЖАСЫМ)

Келді міне алғашқы мүшел жасым,
Жаңа өмірге сеніммен жетелейтін.
Хош келдің сен қуантып он үш жасым,
Ерекше екен расында сенің кейпің.

Артта қалды балдаурен балалығым,
Кей кездері қателескен шалалығым.
Әкешім мен анашыма еркелейтін,
Артта қалды бала күнім, даралығым.

Бірінші мүшел кезім қарар ес тоқтатып,
Айналаны шарлап көзбен бағамдайтын.
Бұл өмірге қарайлап жаңа көзбен,
Әр қадамды ойланып қадамдайтын.

Мені қарсы ал, мүшел жас келдім саған,
Бар көңілді, ынтамды бердім саған.
Болашаққа сеніммен адымдайын,
Қабыл алғын, сәлемімді бердім саған!

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу