Өлеңдер ✍️

  28.09.2021
  4113


Автор: Жібек Ысқақова

Құттықтаймын туған күніңмен жаным қызым - 4 жас

Арайлы ақ таңымсың жаным қызым,
Мақтанымсың өзіңсің барым қызым.
Төрт жасты да бағындырдың Алла қодап,
Жан-жүрегім, тәп-тәттім, балым қызым.

Маған керек күлімдеп үн қатқаның,
Маған керек өмірден бақ тапқаның.
Жұлдызымсың, құндызым баға жетпес,
Аман болшы шаттығым сен мақпалым.

Баурап алар гүлімсің еркелейтін,
Шуақ шашар күнімсің тербелейтін.
Қызғалтағым өзіңсің хош иісті,
Болашаққа риясыз жетелейтін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу