Өлеңдер ✍️

  28.09.2021
  7441


Автор: Жібек Ысқақова

Ұлыма 5 жас туған күні

Ботақаным құтты болсын туған күнің,
Алла жар боп бес жасқа қадам басқан.
Соға берсін лүпілдеп жүрек үнің,
Күндер жалғап ботақан нұрын шашқан.

Қанаттарың талмасын ұлым менің,
Бес жасыңды жетелеп алға бастар.
Шырайлы болсын арайлы күнің сенің,
Құшақ жая қарсы алып биік асқар.

Даярлыққа барасың мектеп алды,
Оқуменен жарығым өмір мәнді.
Озат оқы ұлым алға шапқылай түс,
Озат болсаң арта түсер көңіл сәні.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу