Өлеңдер ✍️

  28.09.2021
  2545


Автор: Жібек Ысқақова

Ұлым құтты болсын 7 жасың

Балапаным құтты болсын жеті жасың,
Шынайы көркем етер өміріңді.
Ойнап жүріп өкпеге бой алдырып,
Сәл нәрсеге түсірмегін көңіліңді.

Деніңе саулық тілеймін батырым сол,
Анау-мынау суыққа дес бермейтін.
Мықты болғын, өзіңе сенімді бол,
Анау-мынау сандарды ескермейтін.

Оқуыңды озат оқы жаным балам,
Өз ортаңда жарығым артып бағаң.
Амандығыңды тілеймін әрқашанда,
Шын жүректен тілеп ботам бақыт саған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу