Өлеңдер ✍️

  28.09.2021
  3326


Автор: Жібек Ысқақова

Туған күнің құтты болсын жаным балам - 9 жас

Ұрпағымның жалғасы жаным балам,
Кезің осы жалын оттай жалындаған.
Құтты болмын тоғыз жасың келіп жеткен,
Жана берсін жарығым, бағың балам.

Мұң шалмасын басыңды, бақытты бол,
Алдан ұлым қашанда ашылып жол.
Арманың мен мақсатың есік қағып,
Келе берсін күндерің шаттығы мол.

Тілекшіміз қашанда біздер саған,
Тәнті болсын өзіңе барша адам.
Бұлбұл құсың бағыңда сайрай берсін,
Көп боп балам күндерің жарқыраған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу