Өлеңдер ✍️

  27.09.2021
  8401


Автор: Жібек Ысқақова

1 ЖАСҚА ҰЛЫМА ТІЛЕК-ӨЛЕҢ

Бауыр етім жаным ұлым,
Бүгін міне туған күнің.
Қадам бастың сен бір жасқа,
Лүпіл қағып жүрек үнің.
 
Қылықтарың қуантады,
Бөлеп нұрға жанымызды.
Жанымыз сен,  бағымыз сен,
Шаттықты етер таңымызды.
 
Тәй-тәй басып жүремісің,
Алға қарай қадам басып.
Риясыз пәк күлемісің,
Жымың қағып көзді ашып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Мерей
Мерей 15.02.2022 00:59
Ары Толды Рбпь

Пікір жазу