Өлеңдер ✍️

  27.09.2021
  3458


Автор: Жібек Ысқақова

8-ЖАСҚА ҚЫЗҒА ТІЛЕК-ӨЛЕҢ

Құтты болсын жан қызым туған күнің,
Сегіз жасқа аяқ бастың міне бүгін.
Бар жақсыны тілеймін шын жүректен,
«Сәтті болып өтсін» деп әрбір күнің.

Қызғалдақтай жайқалып өсудесің,
Жанымызға нұр шашып жаным қызым.
Өміріңде мұң болмай жан қызым-ау,
Күлімдесін, жайнасын сенің жүзің.

Құлпыра бер жайнай бер гүл көктемдей,
Айналаға шаттықты нұр сепкендей.
Амандықта гүл жайнап өсе берші,
Самал желдей шаттығыңмен тербеткендей.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу