Өлеңдер ✍️

  27.09.2021
  3884


Автор: Жібек Ысқақова

Қызым менің 7 жас туған күнінмен

Хош иісті гүлім менің, қызым менің,
Туған күнің жұлдызым бүгін сенің.
Жеті жасқа толып жатсың Алла қолдап,
Құтты болсын қызғалдағым, қызым менің.

Амандығыңды тілеймін, саулығыңды,
Қызықты өткіз жан қызым әр күніңді.
Жастан жасқа күлімдеп жете бергін,
Қарсы алып шаттықта таң нұрыңды.

Білімді бол, оқуыңды озат оқы,
Баға жетпес байлығым, құндызым сен.
Отбасының жайқалған гүлі өзің,
Жарқыраған күн, айым, жұлдызым сен.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу