Өлеңдер ✍️

  27.09.2021
  4701


Автор: Жібек Ысқақова

Қызыма 5 жас туған күні

Бүгін қызым бес жасқа толып жатыр,
Біздің үйде қуаныш болып жатыр.
Құтты болсын гүлім-ау туған күнің,
Көңіліңді тербесін ән мен жырым.

Көңіліңнің күй-жайы ортаймасын,
Жаңа жасың жан қызым нұрға бөлеп.
Бұл өмірдің қиыны байқалмасын,
Әрбір күнің қуантып, жырға бөлеп.

Болашағың жан қызым жарқын болсын,
Шаттықты боп жалғанып өмір көшің.
Алла өзі амандығын берсін жаным,
Қуанышқа кенеліп көңіл-қошың.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу