Өлеңдер ✍️

  27.09.2021
  5151


Автор: Жібек Ысқақова

Құтты болсын 4 жасын ұлым менің

Бір жасыңда жанымызды нұрландырдың,
Екі жаста әр сөзіңді құп алдырдың.
Үш жасыңда алтындай жарқырап сен,
Жанымызға өшпестей сыр қардырдың.

Енді міне төрт жасқа қадам басып,
Жаным ұлым риясыз бақытты еттің.
Құтты болсын батырым жаңа жасың,
Жанымызды нұрлы етер асыл тектім.

Өміріңде бар жақсылық орнасыншы,
Алла өзі жар болып ұлым менің.
Саулығыңды тілеймін бір Алладан,
«Көңілді өтсін» деп жаным күнің сенің!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу