Өлеңдер ✍️

  27.09.2021
  4911


Автор: Жібек Ысқақова

2-ЖАСТАҒЫ ҚЫЗҒА ТІЛЕК-ӨЛЕҢ

Құтты болсын жаным қызым,
Бір жас қосқан туған күнің.
Екі жасқа аяқ бастың,
Күлім қағып бақ-жұлдызың.

Сенсің қызым бақта гүлім,
Таусылмайтын ән мен жырым.
Қылықтарың балдай тәтті,
Баурап алар көңілді үнің.

Амандықта өсе берші,
Жастан-жасқа жете берші.
Өмір жолың ашық болып,
Асулардан өте берші.

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу