Өлеңдер ✍️

  27.09.2021
  9724


Автор: Жібек Ысқақова

Балапаным, құлыншағым 2 жас туған күнін құтты болсын

Балапаным, құлыншағым,
Қызық болсын балғын шағың.
Екі жасқа толып жатсың,
Құтты болсын балапаным.

Үн қатасың, былдырлайсың,
Пәк көңілмен жымыңдайсың.
Жалт-жұлт етіп баурап алар,
Жарық берер жұлдыздайсың.

Көңіліңде мұң болмасын,
Ботақаным, құлыншағым.
Алла қолдап аман болып,
Желбіресін тұлымшағың.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу