Өлеңдер ✍️

  22.09.2021
  1629


Автор: Жібек Ысқақова

СІЗ ЖАҚСЫ АДАМСЫЗ

СІЗ ЖАҚСЫ АДАМСЫЗ
(Жақсы адамдар сіздер үшін!)

Сіз жақсы адамсыз қуаныш сыйлайтын,
Сіз жақсы адамсыз жаманға қимайтын.
Күндей боп нұр шашар сіз жақсы адамсыз,
Әлемнің шаттығын шаттана жинайтын.

Сіз жақсы адамсыз көктемдей құлпырар,
Сіз жақсы адамсыз қуана үн қылар.
Жаздай боп жайнайтын сіз жақсы адамсыз,
Сындарға мән бермей бақытқа ұмтылар.

Сіз жақсы адамсыз өсекке сенбейтін,
Сіз жақсы адамсыз жел сөзге ермейтін.
Дем берер ем берер сіз жақсы адамсыз,
Әдемі сөздермен жүректі тербейтін.

Сіз жақсы адамсыз адамды таң қылар,
Сіз жақсы адамсыз өмірді бал қылар.
Өзіне баурайтын сіз жақсы адамсыз,
Көңілдің төріне орнығып сән құрар.

Сіз жақсы адамсыз қайғыға салмайтын,
Сіз жақсы адамсыз жақсы күй арнайтын.
Сыйластық танытар сіз жақсы адамсыз,
Жақсы мен жақсының арасын жалғайтын.
Аман болшы жақсылар!
Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу