Өлеңдер ✍️

  20.09.2021
  2543


Құтты болсын туған күнін 6 жасын

Құтты болсын туған күн,
Кіндігінді кесіп ап
Жібек жіппен буған күн.
Шілдехана суымен
Алғаш рет жуған күн,
Орап алып жөргекке
Ақ сүтін асыл ананың,
Емірене емген күн.
Әкең келіп төбеннен,
Тебірене төнген күн.
Қуанғаннан ел-жұртың
Көрімдігін берген күн!
"Кімге тартты екен?"деп
Бетінді ашып берген күн
Туған күнің жыл сайын,
Жүз жыл бойы тойлансын?
Өсіп үрім-бұтағын,
Арманына жете бер
Өмір шексіз көк теңіз
Тоқтамастан кеше бер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу