Өлеңдер ✍️

  20.09.2021
  689


Аналар күнімен құттықтаймын!

АМАН БОЛСЫН ҚОС АНАМ.
Дендеріңіз сау болып,аман есен ортамызда жүре беріңіздер.
__________&&&&&&&&&__________
Әй Халайық
Бақыттымын Неге деші
Елер біреу,бар шығар елемесі
Екі Анам бар,естимісің,екеуі бар.
Ерек маған ол жандардың ережесі.
Бірі анам өмірге әкеп тербеткен
Аялаған,сусындатқан шербетпен,
Бірі анам сүйіктімді сыйлаған.
Сый қып маған көкке қанат серметкен.
Аман жүрсін қос қанатым аналарым.
Қайғы көрсем демеу берер паналарым,
Шексіз алғыс үлкен рахмет Айтармын
Ізгі жолмен аман жүргін даналарым.
Сіздер барда тірі жүрем өлмеймін
Жамандыққа еш көңілді бөлмеймін,
Сіздер барда қос қанатым қайрылмай.
Басқа жанды сізден артық көрмеймін




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу