Өлеңдер ✍️

  18.09.2021
  544


73 жасқа тілек - мүшел жас

Жан болған соң бауырмал да, жайдары,
Ынтымақтың Сіз ұйытқысы, қайнары.
Жетпіс үшке жетіп тұрған жан аға,
Бұл әулеттің Сізсіз  екен Айдары!
 
Ағайынның ақсақалы – өзіңіз,
Теберіктей батаңыз да,сөзіңіз.
Біз – баламыз, қолыңызға су құяр,
Сізді  көріп тұрған кезде көзіміз.
 
Ақсақалсыз билік айтқан, қой дескен,
Қаншама ой шығады екен тойда естен...
Біздің тілек жүзге жеткін, жан аға,
Қол ұстасып жүріңіз көп, сан доспен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу