16.09.2021
  1299


Автор: Қабылбек Әліпбайұлы

КЕЛІННІҢ АТА ЕНЕМЕН ТҰРУЫ

Шариғатта былай делінеді: «Шаттыққа толы, берекелі екі үй бар: қазыналы қарты бар үй және балалары бар үй». Әри- не, екеуі де болса жақсы. Қазір небір зәулім үйлер бар. Ішінде қарты да, баласы да жоқ – жылу жоқ. Қазыналы қариясы бар үйден береке кетпейді. Келін соны түсінуге тиіс. Бір кісілік тамақ он кісіге жететіндей береке дариды. Қазақта ата-әже институты деген бар. Ондай институттың тағылымын түй- іп өскен бала ертең-ақ ата-анасының атын аспандатып, ел- дің баласына айналатыны анық. Баланы үлде мен бүлдеге орап өсірсеңіз де бере алмайтын құндылықты өмір көрген ата - әжесі ойнатып отырып-ақ сіңіреді. Мысалы, тамаққа бәрін салып, тұз салмасаңыз, дәмді шықпайды ғой. Сол си- яқты, балаға керектің бәрін әпердіңіз делік. Бірақ балаға керегі ол емес. Ол да тұзы жоқ тамақ сияқты болып тұрады. Ең үлкен мейірім ата-әжеден келеді. Бала ата-әжесін көріп өседі ғой: атасының қасында жүрген, әжесімен қонаққа барған. Ата-әжесіне ере жүріп-ақ ақыл-ойы дамып, дағды қалыптастыра береді.

#Көптеген әйел адамдар түсінсе: Ер адамның жәннәті оның- АНАСЫ.
Ал әйелдің жәннәті- КҮЙЕУІ.

Барлығын Алла разылығы үшін жасайтын болсаңыз, Алла өзі сізге реттеп береді өміріңізді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Гүлназ
Гүлназ 17.01.2023 21:54
Дұрыс аитасыз ата-әжелер көпті көрген кісілерғои олардың паидасы тимесе зияны тимеиді менің өзім апа атамның қолында өскенмін сомен мен жаман болып қалған жоқпын керсінше білмегенімді үйретіп ақылын даналығын айтып отрады үлкен үиде қарт кісілер болса берекеде ырыс ынтымақта болады
Жанар
Жанар 11.01.2022 23:49
Он саусақ бірдей емес қой, ата-әжелердің де әр түрлісі болады. Кей ата-әжелерден өнеге алып, даналық естуге болады, ал кейбірлерін құлағыңа асқың да келмейді. Мысалы, менің атам арақ ішіп алып ақылды бола қалады, сөйлеген сөзі былапыт, боқтық, ал енем елдің көзінше атамның ауызын жауып отырады. Жеке басым тамаққа аз тұз саламын, өз анам дәрігер тұзды көп қолданбауды айтады, енем соны түйедей етіп тамақ жасау білмейтін орыс келін деп қонақтардың көзінше бетіме басып отырады. Қайдан ғана осы жанұяға тап болдым деп жылағым келеді. Айтайын дегенім, баламның ата-енемнен өнеге алмаса екен тілегім бар

Пікір жазу