15.09.2021
  182


Автор: Балғабек Қыдырбекұлы

Үлкен болғыңыз келе ме?

Үлкен болғыңыз келе ме? Егер ондай ойыңыз болса, онда мына біз пақырдың кеңесін тыңдап, аяқ-қолыңызға жақса, егер шынымен үлкен адам болып көрінгіңіз келсе, үйреніп алып, алдағы езіңіздің түйте-тірлік өміріңізге оны пайдаланып көріңіз.


Жұртпен жақсы, жалпылдап амандасып, жайын сұрап, даусын жарқын-жарқын шығарған адамның үлкен болғанын немесе үлкен болып көрінгенін көрген емен. Қашанда амандыққа иегін зорға изеп, дүрдиіңкіреп жүрген адамдарды ғана мен өзім: «әй, осы бір үлкен, дей шығар»,— деп шамалаймын.


Шынымды айтсам, кішкентай қызметтен көрген қорлығымды айтпаңыз. Анау да, мынау да «ей, Балбақ» деп жеңімен қағып-сілкіп кеткенін кездестіріп, іштей: «Қап, бәлем, сені ме»,— деп талай кіжінгенім бар-ды, Сөйтсем оның оп-оңай жолы бар екен, оны әлгі өзіміздің Сыбырдан үйренген жайым бар. Өйткені ол біздің мекемеде екі адамға бастық болғаннан бастап, өзгеріп сала берді. Күнде бірге жүретін менің өзіме екі-үш рет ескертпе жасап: «Әй, сойған түлкіге ұқсап ыржыңдай бермесеңші»,— дегені бар-ды. Өзіме де сол керек, Сыбыр екі кісіге бастық болған күні, (шынын айтқанда өзін қосқанда барлығы екі кісі) жанындағы жолдасынан бір үстел болса да жоғарылап отырғанына қуанып, құттықтайын деп арсалаңдап жетіп барайын. Сөйтсем Сыбырым «жырқылдай берме» дегені. Ер болсаң жолап көр, бұдан кейін. Сыбыр жанына аяғымды санап басып, көлдеуде жүзген көк үйректей бәйпендеп баратын болдым.


Сізге керегі қалай үлкен болу ғой. Мен одан да соны айтып берейін. Әрине, сіз мұны басқаларға таратады екен деп ойламаймын, әйтпесе мұны біліп алып жұрттың бәрі үлкен болып шығып бәле болар.


Сыбырға да, Сыбыр сияқты екі кісіге бастық болғандарға зығырданым қайнап, кіжініп жүргенімде мені де құдай екен қоқаң еткізіп, аяқ астынан көтеріп, үш кісіге бастық болдым. Тілегенімнің өзі осы еді, ең болмаса Сыбырдан бір кісілік бастықтығымның артық болуы мені жеті қат көкке көтеріп тастады.


Үлкен болу үшін министр болудың, не облыс, аудан басқарудың керегі жоқ. Ол менің қолыма тие бермейтіндіктен осы үш кісілік бастықтығымды пайдаланып қалдым.


Үш кісіге бастық болған күні кеңседен үйге кешігіңкіреп келдім. Өйткені бастық адамның жұмысы көп болуы керек қой. Үлкендікті алдымен үй ішіңнен бастаған жөн. Сондықтан есіктің қоңырауын зың еткізе салмай, бүгін ұзағырақ шылдыраттым. Бұл менің бастық болғаннан кейінгі алғашқы белгім. Қатты қоңырауға үй-іші әжептәуір абыржып қалғаны сөзсіз еді, есік ашыла бергенде-ақ қабағымды тас түйіп алдым. Есікке алдымен әйелім жеткен екен, үнсіз «тарт» деген белгімен жұқа жеңін ұсындым. Ол менің (қабағымды байқады ғой) шешіп ілді. Күндегіден ваннада ұзағырақ болып, дастарқан басына үнсіз келіп отырдым. Міне, үлкендіктің алғашқы белгісі осыдан басталатынын ұмытпаңыз! Бұдан былай үй іші қас-қабағымды аңдитын болғанын біліп отырған боларсыз.


Костюмнің жаңа болуы міндетті емес, сіздің кіп-кішкентай жалақыңызға күнде костюм сатып ала аласыз ба, сондықтан құдайдың тарыдай күніңде шалбарыңның қырын қылыштай етіп қою жағын қарастыру керек. Егер күнде өтектеп күйдірер жайым жоқ десеңіз, суды бүркіп-бүркіп, студенттік күндерді есіңізге алып, жамбасыңызға басып жатыңыз. Ертесіне шалбардың қыры қылыштай болмағанмен, қынаптай болып тұрмаса маған келіңіз. Ал шалбардың қырына кезі түскен кісі сізді тегін адам дей қояр ма екен!


Сонан соңғы бір есіңізде болатын нәрсе қапшық. Астапыралла, қапшық деп сізді шатастыра жаздадым, қапшық емес, былғары папкаңыз болсын. Өйткені қампайған қара қапшықты ұстап жүретіндер көбі-ақ жаяу бастықтар болады. Тіпті оның ішіне бір-екі шөлмек айран салып жүретінін қайтерсіз. Сондықтан қапшықтың сырын әркім-ақ жақсы білетін болғандықтан, сізге лайықтысы папка. Ол әрі жеңіл, әрі үлкен үйлерге барып баяндама жасайтын, не олардан нұсқау алып жайбағыстарға жеткізетін адамдарда ғана болады. Міне, сонымен ол әзір. Енді оның, папканың ішіне салатын қағаз таппасаңыз, еткен жылғы газет тігіндісінің бірін төрт бүктеп, бұралақтап ұрып жіберсеңіз бітті. «Жыртық ерінге кетік тостаған» болады да тұрады. Енді байқап отырған боларсыз, шалбардың қыры қатып тұр, папка да қолда, оның ішінде не бар екенін сіз бен бізден басқа кім біледі, қолтыққа қыспай, қолыңызға ұстасаңыз болды, енді сізді басшы емес деп кім айтады. Бәрі де «мынау бір дөкей екен» деп ішін тартып, қалады. Енді сыртқы пішініңіздің бәрі келіп тұр, бұдан кейінгінің бәрі өзіңізді қалай ұстауыңызға байланысты.


Қазір жұрттың бәрі оқыған, жұрттың сыпыра сауатты болған жағдайында Абай айтқандай: «Әсемсіп, сәнсіп, білгенсіп, бәлсіп», мұрныңызды қисайта тартқанмен оған ешкім қыпың ете қоймайды. Сондықтан бұл шақта күлмеңдеген көзіңізге, ыржыңдаған езуіңізге ие болыңыз. Үйреніп қалған ауыз да сөйлегісі келіп жыбырлап тұрады. Бұларды пышақ кескендей тыймасаңыз үлкен адам болады екенмін деп иегіңіз қышымай-ақ қойсын. Көргенде пәлені осы қу ауыздан көресіз. Мен өзім де осы пәледен зорға тыйылғандай жайым бар-ды. Әлгі кептен үйреніскен көптеген шолпандар мен сәулелерге, көз қысысып үйренген сәулемдерге, көп сызысып үйренген әріптестерге келгенде шыдамай кетіп, бірер.сөз айтып қалып та кішірейіп қалған кездерім болмай тұрмайды. Дегенмен ондай жеңіл мінездерінен желімдей ажырамай қойса да қоштасуға тура келді.


Шынымды айтсам, кішкентай қызметтен көрген қорлығымды айтпаңыз. Анау да, мынау да «ей, Балбақ» деп жеңімен қағып-сілкіп кеткенін кездестіріп, іштей: «Қап, бәлем, сені ме»,— деп талай кіжінгенім бар-ды, Сөйтсем оның оп-оңай жолы бар екен, оны әлгі өзіміздің Сыбырдан үйренген жайым бар. Өйткені ол біздің мекемеде екі адамға бастық болғаннан бастап, өзгеріп сала берді. Күнде бірге жүретін менің өзіме екі-үш рет ескертпе жасап: «Әй, сойған түлкіге ұқсап ыржыңдай бермесеңші»,— дегені бар-ды. Өзіме де сол керек, Сыбыр екі кісіге бастық болған күні, (шынын айтқанда өзін қосқанда барлығы екі кісі) жанындағы жолдасынан бір үстел болса да жоғарылап отырғанына қуана, құттықтайын деп арсалаңдап жетіп барайын. Сөйтсем Сыбырым «жырқылдай берме» дегені. Ер болсаң жолап көр, бұдан кейін. Сыбыр жанына аяғымды санап басып, көлдеуде жүзген көк үйректей бәйпеңдеп баратын болдым.


Сізге керегі қалай үлкен болу ғой. Мен одан да соны айтып берейін. Әрине, сіз мұны басқаларға таратады екен деп ойламаймын, әйтпесе мұны біліп алып жұрттың бәрі үлкен болып шығып бәле болар.


Сыбырға да, Сыбыр сияқты екі кісіге бастық болғандарға зығырданым қайнап, кіжініп жүргенімде мені де құдай екен қоқаң еткізіп, аяқ астынан көтеріп, үш кісіге бастық болдым. Тілегенімнің өзі осы еді, ең болмаса Сыбырдан бір кісілік бастықтығымның артық болуы мені жеті қат көкке көтеріп тастады.


Үлкен болу үшін министр болудың, не облыс, аудан басқарудың керегі жоқ. Ол менің қолыма тие бермейтіндіктен осы үш кісілік бастықтығымды пайдаланып қалдым.


Үш кісіге бастық болған күні кеңседен үйге кешігіңкіреп келдім. Өйткені бастық адамның жұмысы көп болуы керек қой. Үлкендікті алдымен үй ішіңнен бастаған жөн. Сондықтан есіктің қоңырауын зың еткізе салмай, бүгін ұзағырақ шылдыраттым. Бұл менің бастық болғаннан кейінгі алғашқы белгім. Қатты қоңырауға үй-іші әжептәуір абыржып қалғаны сөзсіз еді, есік ашыла бергенде-ақ қабағымды тас түйіп алдым. Есікке алдымен әйелім жеткен екен, үнсіз «тарт» деген белгімен жұқа жеңін ұсындым. Ол менің (қабағымды байқады ғой) пальтомды шешіп ілді. Күндегіден ваннада ұзағырақ болып, дастарқан басына үнсіз келіп отырдым. Міне, үлкендіктің алғашқы белгісі осыдан басталатынын ұмытпаңыз! Бұдан былай үй іші қас-қабағымды аңдитын болғанын біліп отырған боларсыз.


Костюмнің жаңа болуы міндетті емес, сіздің кіп-кішкентай жалақыңызға күнде костюм сатып ала аласыз ба, сондықтан құдайдың тарыдай күнінде шалбарыңның қырын қылыштай етіп қою жағын қарастыру керек. Егер күнде етектеп күйдірер жайым жоқ десеңіз, суды бүркіп-бүркіп, студенттік күндерді есіңізге алып, жамбасыңызға басып жатыңыз. Ертесіне шалбардың қыры қылыштай болмағанмен, қынаптай болып тұрмаса маған келіңіз. Ал шалбардың қырына көзі түскен кісі сізді тегін адам дей қояр ма екен!


Сонан соңғы бір есіңізде болатын нәрсе қапшық. Астапыралла, қапшық деп сізді шатастыра жаздадым, қапшық емес, былғары папкаңыз болсын. Өйткені қампайған қара қапшықты ұстап жүретіндер көбі-ақ жаяу бастықтар болады. Тіпті оның ішіне бір-екі шөлмек айран салып жүретінін қайтерсіз. Сондықтан қапшықтың сырын әркім-ақ жақсы білетін болғандықтан, сізге лайықтысы папка. Ол әрі жеңіл, әрі үлкен үйлерге барып баяндама жасайтын, не олардан нұсқау алып жайбағыстарға жеткізетін адамдарда ғана болады. Міне, сонымен ол әзір. Енді оның, папканың ішіне салатын қағаз таппасаңыз, өткен жылғы газет тігіндісінің бірін төрт бүктеп, бұралақтап ұрып жіберсеңіз бітті. «Жыртық ерінге кетік тостаған» болады да тұрады. Енді байқап отырған боларсыз, шалбардың қыры қатып тұр, қампайған папка да қолда, оның ішінде не бар екенін сіз бен бізден басқа кім біледі, қолтыққа қыспай, қолыңызға ұстасаңыз болды, енді сізді басшы емес деп кім айтады. Бәрі де «мынау бір дөкей екен» деп ішін тартып, қыпыңдап қалады. Енді сыртқы пішініңіздің бәрі келіп тұр, бұдан кейінгінің бәрі өзіңізді қалай ұстауыңызға байланысты.


Қазір жұрттың бәрі оқыған, жұрттың сыпыра сауатты болған жағдайыңда Абай айтқандай: «Әсемсіп, сәнсіп, білгенсіп, бәлсіп», мұрныңызды қисайта тартқанмен оған ешкім қыпың ете қоймайды. Сондықтан бұл шақта күлмеңдеген кезіңізге, ыржыңдаған езуіңізге ие болыңыз. Үйреніп қалған ауыз да сөйлегісі келіп жыбырлап тұрады. Бұларды пышақ кескендей тыймасаңыз үлкен адам болады екенмін деп иегіңіз қышымай-ақ қойсын. Көргенде пәлені осы қу ауыздан көресіз. Мен әзім де осы пәледен зорға тыйылғандай жайым бар-ды. Әлгі көптен үйреніскен көптеген шолпандар мен сәулелерге, көз қысысып үйренген сәулемдерге, көп сызысып үйренген әріптестерге келгенде шыдамай кетіп, бірер сөз айтып қалып та кішірейіп қалған кездерім болмай тұрмайды. Дегенмен ондай жеңіл мінездерімнен желімдей ажырамай қойса да қоштасуға тура келді.


Үшеуге (бірі өзім) бастық болғанның ертесінде-ақ: «Сәламатсыз ба» дегенді қойып, «сәләма...» деп жартысын айтып,жартысын жұтып қойып, Сыбырдан сөйтіп кегімді алдым. Әлгі «мен де сендей инженермін» дей ме, қайдам, Шорақ деген керауыз: «Амансың ба, Балбақ»,— деп керіліп келе жатыр еді, «сәламатсыз» деп сызылып өткенімде кердең ете қалды да, қатып семіп қалғыр, «сен дегенді» айтса, аузы күйіп қалатындай біржола ұмытты. Шыны ол ұмытқан жоқ, мен ұмыттырдым, білем. Екі-үш күннен кейін мені «сойған түлкі» атандырған Сыбырдың да сыйын бердім. Оған тіпті сәлемнің жартысын да айтпай иегімді изеп өте шықтым. Кейінгі күндері тіпті иек изеуді де азайтып жібердім бе, қайдам, үндемей қабатын итше Сыбыр кезінің астымен қиралаңдай қарап өтетін болды.


Айтқан соң сіз үлкен болудың сырын ақтарыла бір-ақ айтайын. Оның тағы бірі — мұрыннан сөйлеу. «Сәламатсызбаны» «сәлм-м» деп ете шықсаңыз да болады. Ал байқамаған болып, амандыққа жауап бермей қойсаңыз, ол күні мәртебеңіз екі есе биіктеп, екі есе үлкейе түсесіз. Бұрынғы үйреніскен жолдастарды қалай тыйып тастау керек екендігін Сыбырдың маған айтқанынан білесіз. Иә, айтқандай, ұмытып барады екенмін, туған ауыл, туған-туысқанды танымай қалу үлкен болудың алғы шартының бірі. Ауылдан іздеп келгендер болса, атын айтқанда білмей қалып барып, әкесін айтқанда ғана жібігендей болғаныңыз жөн. Егер «е» дей қалсаңыз, онда құныңыз түсіп қалатынын ұмытпаңыз. Ауылдасыңмен сөйлескенде де жарылатын шиқандай, сыздаусыңқырап отырыңыз, тым жалпылдап, білетін адамның бәрін сұрай беру де сіздің бағаңызды тиындап емес, сомдап кетіретінін есте ұстаңыз. Кіммен сөйлессеңіз де маңғазданып, тамақ кенеуді, өтірік қана жөткірінуді ол да салмағыңызға салмақ қосып, ебелектей елпілдетпей, сізді қорғасындай ауырлатып тастайды.


Әсіресе, ауылға барғанда басқаның көңілін аудару үшін бір аяғыңызды сылти басуды, дастарқан басында дәрі ішуді әдетке айналдырыңыз. Тіпті дәрі ішкіңіз келмесе, ішіне конфет орап қойсаңыз да болады. Бірақ әйтеуір қағазы бұл өңірде жоқ, жалтылдақ жарқылдақ болсын. Міне, осыларды бір қолданып көріңізші, үлкен болып шыға келетініңізге мен кепіл. Сіз министр болмағаныңызбен, құдай болмағаныңызбен құдайдан бір былай болмайсыз. Міне, үлкен болудың сыры осы, бауырым. Енді бар ғой, енді шекеңнен қарап ілгері тарта бер, тарта бер!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу