👈 қаріп өлшемі 👉

  15.09.2021
  11


Автор: Балғабек Қыдырбекұлы

Соқан салған оңай жол

Қостанай облысының етікшілеріне, теміршілеріне, сағатшыларына бір құрылған комиссияның мүшелері жай сұрақ беріп жедел жауап алды:


— Ең жақсы адам кім?


— Соны да білмейсіз бе, біздің бастығымыз Соқан емес пе!?


— Ең мырза адам кім?


— Пәлі, бауырым, Соқан ғой.


— Ен дарқан адам кім?


— Не айтып тұрғаның,— деп етікші қолындағы балғасын ала жүгірді.— Біздің Соқаннан басқа кім болушы еді.


Комиссия бұдан әрі сұрақ бере алмады, Өйткені, әркімнің өзінің басынын аманы жақсы. Жұмысы отырып істейтін жайбарақат болса да, етікшінің көбінің қаны қызу болады. Балғасы қолында. Үшкір шегесін өкшесіне емес, комиссия мүшесінің бірінің басына жалғыз ұрып қағып жіберсе кімнен таптым демес пе? Одан да жан олжа.


Қостанайдағы халық тұрмыс қажетін өтеу басқармасының бастығы Соқанның осындай бір мырзалығы бар деген Москваға жетіп, СССР Мемлекеттік баға комитет! басқармаға қарайтын Қостанай аудандық тұрмыс комбинатын астан-кестен тексеріп келіп жіберіп еді. Қоста» пай өңірінде Соқан соқиған жалғыз емес екен, оған тартқандар сол жүйеде толып жатқанға ұқсайды. Тұрмыс комбинатының директоры Бекіш те бір көрмеге: жамап кісі болмаса керек. Оның дарқандығы, жақсылығы бір басына жетіп жатыр деген рас екен. Мұндағы үш кісі істейтін бір шеберханада әр адам бүкіл жыл бойына сомның жұмысын істепті.


— Ойбай-ay, бұларың қалай?—деген Бекіш ақылы түстен кейін кіріп, сасып та қалыпты. Бірақ шеберханадағылар саспаған:


— Ойбай ау, жұрттың аяқкиімі тіпті бүтін болып пәле болған жоқ иә? Мұжылған өкше, жыртылған жұлық, түскен ұлтан дегенін бұл кезде көзден бұлбұл ұшатын болды ғой. Жулығы жыртылса жұрт қазір қоқысқа лақтырады да, жаңасын киеді. Олар тышқан тісінің қышуын қандырып жатса керек.


— Батыр-ау, не деп тұрғандарың бұл,— дейді Бекіш қалжың шығар дегендей сенімсіздеу, піскен бастай ыржия қалып. Қарауындағылар өтірікке қысылмады:


— Жыртық ботинкаларды осы кезде тышқан жейтін болған,— басеке деп жылмың-жылмың етті.


Тексерейін десе документ, қағаз жоқ, Бекіш қай келген жыртық жұлықтыны аңдып отырсын. Шеберхана жанынан өткендердің үшеу-төртеуінің аяғына қарап еді, етіктері бүтін сияқты. Тышқан ұялап тұрған, жұлығы шығып тұрған етік көре алмады.


«Жалмауызға да жан керек». Жоғарыдағылар алдында не демек? Одан да ең оңай жол — бұл үш ақша жегіш шеберді мемлекетке бір тиын табыс бермепті деген көп ауыздың, шөп ауыздың бірі шөпшең ете түссе, «ініне су құйған күзендей қызметтен қуып шыққанмын» деу әлдеқайда женіл ғой. Жыл бойы жегендері бойына құт, үш шебер қалтаны толтырып қайқайып шыға берді. Әрқайсысының қалтасында кемінде мың сомнан ақша кеткен соң олар да қинала қойған жоқ. Рахметін жаудырып бала-шағаңның игілігін көр деп аман аттаныпты. Тамағың тоқ болсын, пәлекетін жоқ болсын деп Бекіш те қала беріпті.


Ғафу етіңіздер, ол үшеуінің қалтасындағы ақшасын қолымызды түкіріктеп санамағанымызбен комиссия көп есептеп дәл шығарыпты. Көрші шеберхананы тексерудегі жиынтық олардың абұйырын айрандай төгіп, ақшасын, сырын ақтарып тастағандай болды. Көрші шеберханадағы әр шебер 1 455 сомнан табыс түсірген екен. Ал мыналар 137 сом. «Ойпырмай» осы кезде төрт амалды білмейтін адам жоқ, айырмасын шығару әркімнің-ақ қолынан келеді-ау деп Бекіштің берекесі кетіпті. Осының бар сыры Соқанның өз мырзалығына келіп саятын болған соң Бекен де айылын жимапты.


Адам дегеннің сырын біліп бола ма? Оның ішінде Соқан сияқты бастықтардың да өз есебі, өз байламы бар. Сенің оның дұрыс, бұрыс деуге де әншейін адамдардың ауызы бара бермейді. Соқан өзін осынша жұртқа бекер мақтатты ғой дейсіз бе? Бір күні бүкіл Қостанайдағы халық қажетін өтеу мекемелері қызметкерлерінің облыста басы қосылып, кеңесі өтті. Осы кеңесте... Ғапу етіңіздер, кім не сөйлесе еркі, елімізде сөз бостандығы берілген. Ал бастықтардың да әp түрі болады. Бірі заңды әділ ұстам халыққа сонымен ұнағысы келеді. Ал енді біреуі жұртты бет-бетімен жіберуімен жақсы көрінеді. Шамасы Соқан соңғысын қалап алса керек, кеңесте сөз сөйлеп, ашықтан-ашық бұйрық жариялады:


— Mен етікшілер сендерге, сағатшылар өздеріне, теміршілер сіздерге де ерік беремін. Сендер істеген іске квитанция жазып әуре болмаңдар. Келісімді ауызша жасап, ақшаны қолма-қол алып, істі әп-сәтте аяқтап, ақшаны сақал сипағанша жаратыңдар. Қағаз жазу қойылсын. Жойылсын қағазбастылық!


«Ердің атын қатын шығарады, қатынның атын отын шығарады» деген екен бұрынғылар. Сол айтқандай осыдан былай, яғни квитанция жазылмайтын болғаннан кейін Соқанның даңқы етікшілер, сағатшылар, тағы-тағылар арасында эстрада оркестрінің дүмбірлек барабанындай дүңк-дүңк естілді. Содан кейін мырза жігіт те, ақылды жігіт те, жақсы жігіт те Соқанның жалғыз өзі болып шыға келді.


Жойылсын қағаз деген қатырлақ, бюрократ пәле! Қостанай өңіріндегі бар шеберхана осы ұранды жүзеге асырып, қағаз атаулыдан безіп, квитанцияның атын атаған адаммен ала көз болып алды. Халықтан түскен мол ақша құрдымға сіңген Ырғыз, Торғай өзенінің аяғындай «көрдім-жоқ» болып құрып жатты. Ақша дегеніңнің көлемі осы кезде кішкентай тышқанның құлағындай. Өзі кішкентай ақша жалмауыз тоймайтын, толмайтын тоқсан бөлек бұлың-бұлың қалталарға сүңгіп таптырмай кетті.


Сонымен балапанды күзде санамақ болып жүрген Соқанға қағаз атаулы жазылмайтын болған соң жоспардың құлдырап бара жатқаны оған сыбыстан, дыбыстан жетіп-ақ еді. Бірақ обалы нешік, Соқан бұл жерде де к.ала н түбінде шеміршек қалды деп ұсақтық жасамай, ірілік көрсетті.


Балапанды күзде санар болар!


Соқан сияқты уәлі ауызды адамның айтқанын кім екі қылсын бәрі де қоңыр күзді тосып балапанның қарақанат құс болуын тосып қала берді емес пе?


Күзде келіп «балапанды» басқа ұрып санап жіберсе, жоспар орындалмай қалған, халыққа 68 мың сомның қызметі кем істелінген. Аяқкиім жөндеу жоспары бар болғаны кіндіктің үстінде ғана қалып қойыпты. Бұл саладан да 76 мың сом кем түсіпті. Сөйтіп, «балапанды күзде санаса» бәрін жаз бойы қарақұс жегені бір-ақ білінді. Сонымен Қостанай ауданының тұрмыс комбинаты талқанды тары деп ұсынып, есесін елден алмақ болған, 12 сом 20 тиынның ботинкасын 28 сом 60 тиыннан тіккен. Әйелдер етігі қырық сомнан елу сомға қарғып шыққан. Бірақ қашанғы комиссияны Москвадан шақырарсың, cәт-сәттің арасымен талай қомағай қалталар қампайған...


«Социализм дегеніміз — есеп». Ал есептен ауытқығандардың қайда барарын не бір құдай, не құдайдан бір бұлай емес Соқан ғана білсе керек-ті. Жасыратыны жоқ, әзірге Қостанай шеберханасындағылар Соқан салған оңай жолмен кетіп барады. Соқан салған жол атанса жарар еді бұл, әйтеуір. Әй, қайдам!?


1968


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы