15.09.2021
  19


Автор: Әнуар Әлімжанов

Ақынның алтын тағы

(повесть)


Оны «Ақындар бабасы» деп слайды. Оның даңқы мың жылдан аттап өтті. Ол туралы мыңдаған кітаптар жазылды. Кітап саны осыншалық көп көрінгенмен де ол туралы, тіптен, аз жазылған сияқты. Оның өмірінің жеке-жеке тараулары түгілі, ақындығын өрлеткен, не болмаса қайғы-қасірет көрсеткен маңызды оқиғалар да бізге белгісіз. Жұртқа мәлім, өмірдің әр алуан өткелдері адам тағдырына әсер етеді. Ұлы адамдар тіршілігінің әрбір күні кейінгі ұрпаққа аңыз боп к,алады. Ал ол туралы аңыз да аз.


Оның өлеңдерінен біздің білетініміз, ол соқыр болған екен. Алайда, қалай соқыр болған? — Туғаннан соқыр ма, әлде жауыздық соқыр етті ме? Қалай өмір кешті, өзінің ұзақ ғұмырын қай өнерде және қашан аяқтаған? — Әзірге бірде-бір тарихшы бізге дәл жауабын бере алған жоқ.


«Рудакидің моласы» атанған молалар Азияда көп-ақ. «Рудакидің моласы» деген молалардың бірнешеуі Иранда да, Ауғанстанда да бар. Самарқанттың төңірегіне орналасқан жиырма шақты қыстақтың бәрінде де соның «моласы» бар.


Тәжік және өзбек совет әдебиеттерінің негізін қалаушы Садриддин Айни мен советтің талантты мүсінші - антрополог Михаил Герасимов өздерінің зерттеулерінде Рудаки Зеравшанның жоғарғы сағасындағы Пяндж - Рудак қыстағында жерленген деген шешімге тоқтаған. Айни мұны көне қолжазбаның бірнеше жолын анықтай кеп дәлелдесе, Герасимов — табыттағы адамның сүйегін зерттей кеп дәлелдеген.


Мен болсам ғалым да емеспін, тарихшы да емеспін, археолог, я антрополог та емеспін, бар болғаны Рудаки поэзиясын сүйетін журналист қанамын. Және журналист ретінде негізге Рудакидің өз өлеңдері мен оның замандастарының және шәкірттерінің жазған жыр жолдарын ала отырып, Садриддин Айни мен Михаил Герасимов қорытындыларының дұрыстығын, дәйектілігін және тарихи деректілігін өзінше дәлелдегім келді.


Мүмкін, көптеген оқушылар осы очеркте аты аталатын ақын қыз Робияның есімін алғаш рет кездестіретін болар. Мүмкін, оның творчествосы әдебиет зерттеушілерін қызықтырар да. Мұндай жағдайда мен оларға Тәжікстан Ғылым академиясының әдеби архивына ден қоюға кеңес берер едім. Мүмкін, олардың ізденулері жемісті нәтиже берер. Ал мен болсам, өз очеркімде олар туралы бар білгенімді қайталап к,ана өттім. Тек, бұған қосарым, Робия — тәжік әдебиетіндегі «жиырма төрт інжу-маржанның» бірі, парсы - тәжік әдебиеті тарихында есімдері сақталған жиырма төрт ақын қыздың ең тұңғышы.


А в т о p.


Пенделер мені алдады —


Сүйерім тек табиғат қана...


Р у д а к и


Бағбан қақпа алдында қарсы алды. Ол бізді екі жағынан бірдей гүл көмкерген, төбеден қара өрік ағашының көлеңкесі түскен жолмен мавзолейге қарай алып жүрді.


Тым-тырыс. Тек әлдеқайдан — бақтың бір түкпірінен бұлбұл құс самарқау, ақырын ғана таңдай қағады, жапырақтар өзара таңырқаса сыбырласады. Бағбанның жүзінде де таңырқау бар. Ол біздің шаң баттасқан аяғымыз бен қалжыраған түрімізге қарай қояды. Біздің қай қиырдан келген жолаушы екенімізді білгісі келеді оның. Бірақ ескі дәстүрді сақтап үндемейді.


Бұл тауларда, қару-жарақсыз, мейірбан досқа ұқсап келген бейбіт қонақты жөн-жосық сұрап қарсы алу ләзім емес. Ақ ниетпен келген қонақ үш күн бойына бау-бақшадағы жемістердің рахатын керіп, мол дастарқанның басында отырып, осы тауларда туған аңыз-жырларды тыңдайды. Тек осыдан кейін ғана, егер қонақ сол үш күннің ішінде өзінін жөн-жосығын мәлім етпеген болса, үй иесі оның шыққан тегі, руы және халқы туралы, ол өскен өлке туралы сұрауға қақы бар.


Ал әзірге сұрақты біз ғана қоямыз.


Қарт бағбан қақпаны ашып, бізді қарсы алған кезде менің досым - Құтби ақын одан:


— Есіміңіз кім болады? — деп сұраған.


— Рустам.


— Рустам баба, бізді Устодка1 бастап барыңызшы, — деп өтіндік біз.


Сөйтіп қарт бағбан бізді мрамор баспалдақтарға бастап келеді.


Мавзолейдің тасын жуып аққан мөлдір бұлақтың жағасына аяқ киімімді шешіп қалдырдым да, көңілім алабұртып, әшекейлі темір есіктерге қарай таяндым. Құтби мені арқамнан болар-болмас қана итеріп қалған, біз ұлы Устодтың күңгірт Үйегіне ендік.


Шығыстың жас ақындары оны Фарабаның үлбіреген көгілдір торғынына орап әкеп, кіндік кескен алтын бесігі осынау өр таудың құшағына табыс еткеніне мың жылдан астам уақыт өткем. Сонан бері ол осы жердің иесі. Ақ мрамор — оның жамылғысы, қара жер — оның шыққан тағы. Өлгеннен кейін ол Шығыс ақындарының сыйынар пірі болды. Өлім оған өшпес өмір берді.


«Өлім өмір берді» деген сөз құлаққа жат шығар. Бірақ басқаша айта алмайсың. Ерте кезден өлім деген майдан даласында шейіт болған жауынгерді ғана даңққа бөлейтін. Ал бұл болса ақын еді. Бал шарапты жырлады. Жаны жоқ сұлулармен шайқасты. Шахтың тажын дәріптеді. Алайда шах оны төбет ұқсатып қуып тастады. Бұл күнде сол шахтың есімі ешкімнің есінде жоқ, ал ақынның есімі, оның даңқы ең аты-шулы деген қолбасшылардың даңқынан да ұзақ жасап отыр.


Кереғар емес пе?! Иә, оның бүкіл өмірі кереғарлықпен етті. Өлімі де кереғар еді.


Тірісінде ол саялы бақтың көлеңкесінде дем алғанды ұнататын, сұлуларды уататын, бұлбұл әнші рахаттана тыңдап, гүл жұпарын жұтқанды ұнататын.


Ол өзінің сол дағдысын өлгеннен кейін де өзгертпеді. Қазір де ол кипаристің көлеңкесінде, гүл бәйшешектің ең ортасында жатыр. Бұлбұл да сол кездегідей ән салады. Тіпті біздің ақындарымыз да махаббат жайлы Рудакидің кезіндегідей - ақ жырлайды. Махаббат туралы осы күнге дейін Рудакиден асқан өлең жазған ақын жоқ.


Бағбан қарт үнсіз тұр. Құтбида да үн жоқ. Олар төреші сияқты. Мені күтіп тұр. Құтбидың жанарында қаталдық бар. Бағбанның көзқарасы сабырлы. Жас ақым үшін де, осы бақтың қарт иесі үшін де мына тастар — киелі. Елінің ұлы перзентінің табыты жатқан осы бір тұтам жерге деген олардың қызғанышты сүйіспеншілігін мен ұғамын да. Олардың сүйіспеншілігіне ортақтасамын. Біздің жазира даламызда да ұлы Устодты осы таудағылардан кем сүймейді. Сондықтан да мен үш күн бойы өзен жағалап, Памир құздарын шарлап, осында жол тарттым.


Осыдан үш күн бұрын вертолет мені жақпар тастар арасындағы кішкене тас жолға түсірген еді. Тар соқпақпен құзға қарай түстім, Зеравшанның жартасты жағалауына қашалған жолменен екі шақырымдай жүрген соң, тұрғындарының айтуынша, мыңдаған жылдық тарихы бар, Айни деген кішкене қыстақтан шықтым. Ал шалмалы қарт колхозшы басқа қыстақтармен салыстырғанда, өз қыстағының артықшылықтары туралы айтқан кезде, талай ғасырлық тарихи деректерді қиналмастан жайып салды.


— Біздің қыстағымыз Ескендірдің өзіне де бағынбаған, — деді ол. — Ескендір бізді айналып өткен. Оның жиһангерлері оңтүстік асу арқылы тырбанып етуге мәжбүр болған және естерін жию үшім, әне, анау суық көлдің жағасына аялдаған, — деп ол шындарды нұсқалы. — Ол кел со шындардың ар жағында. Сонан бері оны Ескендір көлі деп атап кеткен. Бұл жайында сізге, жоғарғы жолда тұратын да айтып береді.


Өз ғұмырында талайды естіп, талайды көрген таулыққа тән әдетпен ол Иран мен Туран арасында болған соғыс кезінде, Турандық әскерлердің шатқалдан қалан өткені жайлы да әңгімеледі. Тау көшкіндерінің құлағаның да, қасиетті шақтарды да еске алды. Алайда осы көшкіндердің ел үшін пайдалы шағы да болған, — шапқыншылықтан сақтап қап отырған. (Сөз орайында айта кетейін, сол күні мен Сухто тауының етегінде бірнеше сағат аялдап қалдым, қатты жаңбырдан кейін әлгі таудың бір бөлігінде көшкін құлап, Зеравшакның арнасын бөгеп тастады. Тау бүліншілігін бағындырушылар туралы репортаж бердім де, көкейімде кептен жүрген ойымды іске асырғым келді. Садриддин Айни мен академик -антрополог Герасимов ақиқаттаған аңыз бойынша, «ақындар бабасы» туып-өскен және дүниеден қайтқан Рудак қыстағына барып қайтуға бекіндім).


Әңгімеші қартпен қоштасқаным сол еді, таудағы елге жәрдемге келген қалың машинаға тап болдым, Қалың топтың арасынан ойламаған жердей өз досым — тәжіктің жас ақыны Құтби Киромға ұшыраса кеткенім. Ол көшкін туралы хабарды ести сала Душанбеден самолетпен ұшып келген екен, өйткені ата-анасы, әйелі және балалары өзен арнасынын төменгі ағысында жиырма шақырым жердегі қыстақта қалған көрінеді.


Біз оның егіз-егізден туған балаларына кештете жеттік. Алты баланын ең үлкен екеуі — алты жаста, ортаншы екеуі — үште де, ал кенже екі баласы бір жасқа енді ғана толыпты.


Айнадағы әңгімеші қарт айтқандарды, өз қыстағы туралы сөз болғанда, Құтби да айтып өтті.


— Біздің бау - бақшамызда бау-бақша дүние жүзінде жоқ, — деді ол кешкі тамақ үстінде. Және таң азаннан тұрғызып ап, өз сөзінің туған қыстағына деген сүйіспеншіліктің ғана белгісі емес, шындық сөз екенін дәлелдеп шықты. Бұл бақтың балғын әсемдігіне, аңқыған жұпарына, ою-өрнекті, көзімнен бергі тұнып тұрған жасыл сипатына, әнші құстары мен жеміс ағаштарының түрлеріне дүние жүзінін кез келген бағбаны қызыға сүйсінері хақ. Ал осы жердің тұрғындары деп атаған осы бақтың гранит террасаға, жалан. тасқа өсірілгенін көрген әрбір жолаушы тәжіктің тау тұрғындарының еңбегі мен талантына шексіз баға берері даусыз.


Осы кездесуден бір жыл бұрын тәжік тауларының қырқаларын бойлап ұшқанда (мен бұл тұста «қырқаларын бойлап» деп отырмын, өйткені «Ил-12» самолеті биік шыңдарды асып ұшуға өресіз жетпей, состиған жартастар арасымен ауа кеңістігін қуалап, құздардың үстімен ғана ұшқан еді), мен ертегідегі тас қорғандардың арасына тап болған адамдай, бойымды таңырқау мен үрей бірдей билеп, шыңырау жатқан түпсіз құздарға, қожыр-қожыр, ал кей тұста майға сұққандай көк аспанға қарай шаншыла қадалып, самолеттің жолын бөгеген үшкір жартастардан көз ала алмағам.


Сол бір таңғажайып көріністен есімнің кеткені сонша, ұшқыштың «Оттегінің маскасын киіңдер!» — деген бұйрығын да естігенім жоқ.


Иллюминаторға маңдайымды тіреген қалыпта мен осы тоң-торыс жатқан алып кесектердің арасында адам қалай өмір кешетінін көрт, ой сарынынан өткізіп, ұққым келді, ал мұнда мыңдаған жылдардан бері тарихына әрбір халық, әрбір ұлт қызыға қарайтын тәкаппар, сымбатты, дана халық өмір кешіп келеді, өйткені осы тауды мекен еткен бұл халық ешуақытта, еш уақытта ешбір жаудың алдында — мейлі ол Кир болсын, Дара болсын, Шыңғысхан немесе Ескендірдің өзі болсын, ешқайсысына тізе бүкпеген, бұл халық дүниеге данышпан ақындар мен ғұламаларды берген халық.


Самолет үстінен мен состиған тастардан өзге ештеңені көре алмағам. Енді, міне, үлкен сұлама тас үстіне шағын ғана қыстақ тұрғындары есірген, ертегідегідей таңғажайып Нойобо бағына тап болғанда, MSH анау бір санарымда туған көкейімдегі сұрақтарыма тегіс жауап алғандай болдым.


Бұл таулар, бұл жартастар көрер кезге ғана қатыгез. Бұлар өзінің тілін таппаған ғана үрейлі. Ал шын мәнінде бұлар мейірімді таулар. Және бұлар да адамша сөйлей біледі. Адамдар сияқты бұлардың да әрқайсысының өз құпия - сыры, өз тағдыры бар. Бұлар өзін мекен еткен халықты қатерлі жылдарда жат жерліктердің шапқыншылығынан сақтап қап отырған. Бұлар өзін мекен еткен халыққа суық желдерден, аптаған ыстықтардан қорғаныш боп отырады. Және. бұл тауларды жұрт туған ұлы: боп шексіз сүйеді. Әрбір тасына дейін сүйеді. Бір кездерде адам хайуанатқа табынған және жартастарға тәңірінің суретін қашаған. Әрбір тастың өзінде бейне жатады емес пе, ал адам оның ынғайлы кескінін тауып қырлап қашауы тиіс. Тәжіктердің ата-бабалары да, біздің ата-бабаларымыз сияқты, отқа табынған, жартастардың ұшар бастарына қасиетті оттар жағып қоятын болған, онан кейінгі жерде қылыштың жүзімен ислам келді де, оттар тек жолаушыға жол сілтер белгі боп қана қалды.


Рустам баба жұпары аңқыған екі алма үзіп, маған ұсынды.


— Сіздің екі қызыңыз бар екен, мына кісі айтып отыр, — деп қарт Құтбиды меңзеп қойды. — Соларға беріңіз. Мына алмалар «Анджаме» ақындарының атасы — Рудакидің бағында өскен деңіз.


Шай бөгіп қайнапты. Иісі аңқып тұр.


Шырқау биікте көк жүзінде қанатын жайып тастап, жәйімен қырандар қалықтап жүр. Оларға сол биіктен қыстақ үйлері орта ғасырлық алып амфитеатрдың ойқы-шойқы террасасына ретсіз тасталған кубиктер сияқты көрінетін болар. Ал егер дәлірек айтар болсақ, онда бұл жерді бір кезде сөнген алып вулканның кратерімен салыстыруға болады.


Бір-бірімен қоян-қолтық өбіскен шыңдар ортасы — бұлақтар мен өзендерге, гүл - бақтар мен тау шалғынына толы — ғажайып ойпат бойлайды. Ойпаттың ең түбінде, сыңсыған жапырақтар астында, терең жырада осы жердегі өзендердің ең үлкені буырқанып, ақ көбіктеніп жатыр. Ол өзінің басын шыңдағы қардан алып, біздің жанымыздан солтүстікке қарай тулап ағады. Жартастарды қылышпен шапқандай жарып өтіп, кең ойпатқа сытылып шығады да, содан әрі Зеравшанға қосылып Пянджикентке, Самарқантқа, Бұхарға кетеді... Тауларды асып етіп, көк жүзінде шырқау биікте қалықтаған қырандарды ғұмыр бойына әуейі еткен, осы бір жұмақ бұрышына келер жолда, бұдан үш күн бұрын мен сол кең ойпатта, Самарқанда болып едім...


— Қандай сорт? — деп сұрайын деп назарымды алма аудардым, бірақ ойымда сол қырандар, гүл бақтар мен тулаған өзен тұр. Табиғаттың мырзалығына кенелген әсем бұрыш. Бұл жерде ақын тумауы мүмкін емес қой деген ой оралады маған...


— Рудак сорты, — деп жауап қатты бағбан.


— Мұндағының бәрі де Устодтың есімімен аталады, — деп жымиды Құтби. — Судың шуын естіп отырсың ба? Бұл Рудак деген өзен. Әне, анау, жартасты көрдің бе? Ол Рудак жартасы, ал қыстақты Пянджи - Рудак деп атайды. Жергілікті колхоздың аты да Рудак...


— Мұндағы әрбір тас оның жырларын тыңдаған. Бұл жердің жартастары айрықша жаңғырығады, олар Устод сөздерін талай-талай қайталаған, — деп қояды Рустам баба. — Ол осы арада туып, жастық жалыны лаулаған, еш алаңсыз, жарқын шағында осы арадан аттанды. Балғын даңқтың қанатында ұшқан еді. Көп жылдар өткен соң оралды. Мүлдем басқа боп оралды. Оның күлкісінде жабырқау жұмбақ, үрей бар еді. Және жалғыз оралған жоқ. Оны Мадж деген жасөспірім жігіт ертіп әкелді... — Мен бағбанды сүле тыңдап отырмын.


Оның дауысы әлдеқайдан алыстан күңгірлеп естіледі.


Адам өз ойымен өзі боп, қиял қанатына мінгенде әманда естиді.


Кейде ғұмырындағы ең бір таңғажайып минутта болады. Мұндай кезде сен керемет іс істеп, өзің үшін жаңалық ашқандай күйге енесің. Сен аспаннан жаңа жұлдыз тапқандай боласың, мейлі оның сәулесі әлсіз, әзер көрінерлік болса да, бәрібір жаңа жұлдыз. Сен өзіңнің алып ұшқан көңіліңді баса алмайсың. Өйткені кез келген, ең болымсыз жаңалықтың өзі — ойға қанат бітірер көмбенің басы. Бұл ой-қиялы шиыршық атқан суреткер үшін — зейнетті ұзын жолдың, ғалым үшін — тыңғылықты зерттеудің немесе қарапайым болжаушы үшін еш құйт жоқ, кей сәт жабығыңқы, кей сәт қуанышты ойлардың бастамасы.


Мен Рудаки өлендерін жатқа айтатынмын, мен оның поэзиясына бас иетінмін. Сондықтан да мені кенет келген ой тебірентіп әкетті: — мүмкін мен, осыдан мың жыл бұрын балалық шағында ұлы Устодтың өзі ойнаған, болмаса қартайғанында дем алып тізе бүккен жерінде отырған шығармын.


Бірақ бұл ойдың ешқандай жаңалығы жоқ еді. Ол шынында да өзінің балалық және қартайған шақтарын осы арада еткізді. Оны қоршаған осы табиғат еді. Гүлбақ өстіп сыбдырлап тұрды, өзен өстіп тулап жатты, қырандар да өстіп көк жүзінде сыбдырсыз қалықтап жүрді. Тек сүрлеулер мен жолдарға түскен Устодтың ізін ғасырлар шаны басып қалды. Алайда өз ойында соларды тірілтіп, сол бойынша, түс әлпетіндегі самал желдің көбе тартқан гүл ұйқысын ақырын ғана желпіп өтетіндей, сонау алыс күндердің шымылдығын ықтияттап ашып жүріп көруге болады.


Ақын гүлдерді ұнатыпты. Райхан гүлін ұнатқан. Мүмкін, ол кезде бақ ішінде райхан гүлі көп ескен шығар. Иә,райхан қазір де аз емес. Әне, олар алма ағаштар арасында жайнап тұр.


— Қарлығаш тек өз ұясында ғана дамыл табады... — деп қойды Мадж.


— Жөн айтасың, ұлым. Баста үйге. Сен тауға барар жолды білуші ме ең? Сонда менің суып қалған, ұмыт болған ұям бар. О, қасірет, Мадж, күйкентай екі жүз жыл жасаса, ал қарлығаш бар-жоғы біраз жыл ғана. Тездет, ұлым, баста үйге. Әй, жарақат, ауыр жарақат! — ақын көзіндегі қан баттасқан шүберекті ұстай алды. Жас жігіт алға қарай бастады. Ақын жанға батқан азап ауруын күштеп жеңді. Бір қолын Мадждың иығына сап, бір қолына таяғын ұстап, басын жоғары көтеріп, шаңдақ жолмен жүріп кетті.


— Баста, ұлым, Сондағы жағалап жүрі Өзен бізді салқын лебімен желпіп, гүлбақтар көлеңкесіне саялатар, жемісін базарлық етер, құстардың жыры қасіретімізді жеңілтер.


... Рудак тақ орнаған сарайда түрегеп тұрды. Оны мұнда бақ ішінде жүрген жерінен ұстап әкелген болатын. Мойнына салдырлаған темір қарғы салынып та үлгерген. Арт жақта, сарайдың түкпір бұрышында, демдерін іштеріне тартып сарай ақындары тұрды. Олардың ішінде Шахид жоқ еді, тек Устодтың күндеуші ғана болатын Алтын тақтың үстінде сарғыш өңді шахтың өзі отырды да, ал оның жанында бас уәзірі тұрды. Саманидтер шахы сарай ішін самарқау шолып өтіп, әшекейлі күмбезге қадала қараң қалған кезде, уәзір оның жарлығын айтты: шах гаремінің гүліне жақындауға дәті жеткен және оған қоса алланың атынан жазылған құран туралы астамдық сөз айтып, ауыр күнәға батып, күпірлік еткен ақын Абдулла Рудак, шахтың кешірімі бойынша, қазірден бастап өмірінің ақырына дейін тас қараңғы соқырлықта күн өткеруі керек...


Рудак бас иіп, тізесін бүккен, алайда осы сәтте шах қолын көтерді де жендет қарғыны тартты, қылған Устод орнынан тұрды. Түкпір бұрышта тұрған ақындар бірінің сөзін бірі бөліп шахтың даналығын өлеңмен мадақтай бастады. Рудактың өзі де талай рет сөйтіп еді. Ауыз екі айтыста оған тең түсер ешкім болмайтын, сонысы үшім де шах оны бір кездерде жақсы көрді.


Саманидтер шахының ұлылығын дәріптеп, ол жүздеген шығарды және шах сарайында жүздеген сұлулардың ыстық құшағына батты. Шах пен ақын екеуінің обырланған нәпсі тоятында бәсекеге түскендей кездері де болған еді. Бірақ, шахтың гүл бағындағы мұңлы гүл боп бүрін ашқан — Арараттан әкелінген, ұзын бұрымды тұтқын аруға ақын жаны ынтық болған кезден бастап бәрі өзгерді.


Ол тұтқын аруды шындап сүйді. Ақылы мен сұлулығы үшін сүйді. Ару айтқан қайғылы әңгімелер тітіренте шымырлатты. Егерде мұнан бұрын да адал достарының кінәрат сөздері оны обыр нәпсінің ойнағынан шеттете алмаған болса, енді тұтқын арудың әңгімелері оның көзін жаңаша ашты, ел билеушілердің қатыгездігін және халық қасіретін сарапқа салуға мәжбүр етті.


Жас арудың әңгімелері, туған жері туралы әндері, қайғы-қасіреті, көз жасы, аһ ұрған шерлі күрсінісі — оның адамдығын қорлағандарға, қанатынан қиған, шахтың гүл бағындағы әшекейлі торға қамағандарға қарсы ақын көкірегінде ыза мен кек туғызды.


Байлаудағы төбеттей ғып жендеттер қыл арқанмен мойнынан жетелеп келе жатқанда кенет оған: Шах бұйрықты ақынның тұтқын әйелді сүйгені үшін шығармаған болар, оның құлағына кеше ақ үйдегі думан үстінде ақындар ортасында Рудаки шығарған өлең жеткен соң болар деп ойлады.


Байыдым деп ойша, масаттанба, Көз алдымда тағдырдың сол да таң ба, — деген еді ол шахтың қазынашысына. Және тағы ол Муради досын еске альт, жырға қосып мадақтап, оның өлімі үшін шахты кінәлаған.


Айтылған сөз оқпен тең қайтып ішке жұта алмайсың. Ынтызар еткен тұтқын аруға соңғы рет бір қарар ма еді. Бірақ ол қайда десеңші? Әне, анау биік қорғанның ішінде. Мәңгі қамауда. Онда терезе де жоқ. Күмбезден ғана көрінер аспан бар... Мүмкін ол онда жоқ та шығар ендігі. Мүмкін оны да қызы Робия сияқты отқа өртеп жіберген шығар?!


Ақын көзін қорғаннан тайдырып, алдындағы жендетке қарады. Түріп алған жеңіне ауды көзі. Жүн басқан қолына түсті. Жалаңдаған қанжардың өткір жүзіне, жендеттің қорқау күлкісіне...


— Ақын баба, түс болды. Өзен жағасына дем алайық, — деген Мадждың дауысы естілді.


Бұлар өзенге қарай ойысты. Рудак көзінің ауырғаны біртіндеп қайтайын деді. Жол соқты боп қалжыраған, өзі соқыр ақын тың тыңдап қатты да қалды. Әрбір дыбысқа бойы елітіп рахат тапты. Шөптің сыбдыры, жапырақтардың сыбыры, сайраған құстар мен судың сылдыры — бәрі бір арнаға қосылып, тіршілікті, қозғалысты паш еткен таңғажайып әнге айналып, ақырындап жер үстінде қалықтап келе жатты. Осы бір музыка күнге арналған гимндей естіледі. Құдіретті күнге арнау сияқты.


— Наурызға үш күн қалды... дегем Мадж ақырын ғана. Бірақ ақын оны естіп қалды.


— Біз оны үйде қарсы аламыз, ұлым. Тауға жетеміз ғой, — деді Устод Маджды жұбатқандай. — Ал қазір бір елең оқы, Маджым. Көктемнің самал желі туралы оқы...


Тым-тырыс бола қалды. Ақын ширыға құлақ түрді. Ол күтіп отыр. Мадж Согдиананың көптеген ақындарының өлеңін білетін. Кімнің өлеңін оқыр екен?


... Алтын сипат көктем гүлін жайып салып самал жел, Күміс оқа райхан гүлдей үлбіреп ес, самал жел. Озар салған сап жүздеген өрнек боп су толқыны, қыл қаламдай Манн сызған тулап бір өт, самал жел... ...Махаббатты ұқпас, сірә, біреулерге көр соқыр, Сыландаттың гүл - бақтарды қалыңдықтай, самал жел Уа, неліктен рахат сонша таң алдында мүлгіген, Таң шапақта райхан гүлін шаштың ба, әлде, самал жел...


Мадж Робияның өлеңін оқыды. Кімнен білді екен ол мұны? Шынымен-ақ ол бұл өлеңді, ақын Абдулла Рудакидің аңқау баладай боп келіп, Робияның сүйгені — жас құлдың басына шахтан бостандық сұраған күні жадында тұтып қалғаны ма? Сол уақытқа дейін бүкіл Саман елінде бірде-бір жан Кааба байдың қызы, Балқы қаласының жас әміршісі Харистің қарындасы өлең шығаратынын білген емес қой: Робияның ақын екені мүлдем белгісіз болатын.


Абдулланың әзі де бұл жайлы кездейсоқ білді. Оқиға Рудаки «Кәлилә мен Димна» поэмасын жазып бітірістен бұрын болған еді. Ақын Индияда болып, Иранды аралап етіп, Муради және Шахидпен Балқыға келген. Сол жылы онда бүкіл Анджамның, бүкіл Согдиана мен Мавренархдың ақындары жиналған, Фарабаның ақындары да, Таразының бишілері, Арараттың саудагерлері мен Иеменнің жолаушылары, Үндістанның әншілері де тегіс бас қосқан...


Балхының билеушісі, Каабаның баласы — жас Харистің сарайында думанды той еткен. Оның кезінде Балқы ақындар мен суретшілер қаласы ретімде аты шыққанды. Оның баласы Харис билеуші ретінде әкесінің жақсы дәстүрін жалғастырған еді.


Ақындар бірі мен бірі бәсекеге түскендей, сарай бағының ішінде өз өлеңдерін оқып отырған кезде, күтпеген жерде олардың ортасына нәзік кескінді, әсем бозбала келді. Ол дауысы күмісше сыңғырлап өлең оқыды. Бұлбұл құс пен райхан гүлі туралы елеңдер, күн менен бұлт туралы өлеңдер... Ақын - бозбала ендігі бір ұзақ өлеңім Устодқа арнай айтқан, оның сөздерінде мұңлы бір астар бар еді. Рудаки таңырқай тыңдады. Бозбала оны ақылгөй тұтып, махаббатты қорғауға, қорғаныш болуға жәрдем сұрады.


Келгені қандай аяқ асты болса, бозбаланың кеткені де сондай тез болды. Қызметші құлдар шарап тарата бастады. Харисті асырап өсірген кәрі әйел ақындарға баланың тентектігін кешіруді және ол туралы еске алмауды өтінді.


Рудак ойға қалып еді. Ол әлгінде өз алдына келген жастың ер бала емес екенін ұққан. Қыздың дауысы еді. Бірақ, ол қыз кім? Және жұлып тастап, жігітше киініп, мұның алдына осынша батыл келіп, өтініш айтуына не себеп болды?


Сол кеште сарай қызметшілері оған толтыра өлеңдер жазылған теп-тегіс жібегінің бірнеше құрақтарын табыс етті. Оларды жазған Харистің қарындасы — Робия екен.


Рудак оның құпия махаббатының сырын да білді. Робия өз бауырының жан сақшысы басыбайлы күл, жас жігітті сүйген екен. Жігіттің әнін, оның ойынын, оның сұлулығы мен ақылын сүйіпті.


Қыз оған өлеңдер арнапты. Құл жігіт те өз ханымы Робияны сүйеді екен. Алайда, Харис қатал. Ол құл мен Робияның махаббатына қарсы. Ал Робия болса махаббатын қия алмайды.


Бұхарға қайтысымен Рудак Муради мен Шахидты ертіп шахтың алдына барды. Рудак өлеңмен шах и еден Робияға жәрдем беруін өтінді. Рудактың өтінішін шахтың тақ сарайында отырған Харис та естиді. Қатуланған жас жігіт дереу Бұхардан аттанады. Суыт жүріспен Балхыға жетіп, әлгі құлды зынданға тастайды, ал Робия сұлуды қызып тұрған моншаға кіргізіп, сыртынан тас қып бекіттіреді...


Жалын, жалмауыз жалын тастарды обырлана жаланып, жалаңдай түседі. Ай жүзді, ақ мүсінді Робия шарпыған от пен түтіннен тұншыға бастады, көйлегі тұтанып, қара бұрымдары қаулаған отта жылан ширатылды. Робия саусағын қыршып қанатып, қызған тасқа өлер алдында мынадай қанды жолдар жазды:


«Сенсіз жерде сүйіктім, қос жанарым — қос бұлақ,
Қанменен бояп бетімді, отырмын не осқылап.
Кірпігім әсте құрғамай тасқынға мені батырдың,
Жоқ, қате айтам, қаталап қатып-семіп жатырмын.
Жүрегіме ендің де сен, мәңгі қалдың сақталып,
Қан боп емес, бүкіл өзін, нұр сипатын жатталып.
Сен қаласаң бұлақ болсын, көз жасымды бұлайын,
Сен қаласаң бұрымымды көз жасыма жуайын.
Құмда қалған балықтай боп от ішінде бұлқынам,
Мен шақырам, мен шақырам — тек сен жоқсың ұмтылған.
Бұл сарайда махаббаттың күзеті бар, қамықпа,
Білінген күн тірідей - ақ салар тозақ - тамұққа.
Ару түсер тамұқ іші от лаулаған қабырға,
Ардақтаған махаббатын қанмен бояп қалуға,
Сен қалайсың? Қайда жүрсін, қазіргі сәт, сүйіктім?
Өлер шағым қанмен жазу үлесіме тиіпті.
Енді, міне, махаббаттың өз жасағы бар екен —
Аққан қан мен көздің жасы, от қақпасы түпсіз кен,
От шарпыды, лаулап жандым, ұстау киын өзімді,
Көл бон көзім, ағыл-тегіл қаным судай төгілді,
Өз ойым мен бойымдағы, өртегім бар жанымды,
Жаным менің көз жасыммен аяғыңды жуамын,
Әлі кеткен қолдың қанын күл боп, жуып тынармын.
Жалмап жатқан құшағына ап, сумаңдаған жалынмен,
Дүниені ерт қаптатам, өртеймін бар жаныммен.
Қанды өрттен де ыстығырақ көздің жасын төгіп мен,
Нөсер бұлтқа бұйырдым да; «Қан бон жауған селіңмен!
Шомылдырам ол қанмен мен адамдардың жыланын,
Зұлымдықтан тас түнектей жүзі қара лаңын
Осы қанмен қарсы алдымнан бір ғана жол ашылды,
Ғашықтарды сәуле түспен боямақпын асылы.
Теңіз дейін ағыл-тегіл өз қанымның бояуын,
Таң шапағын қызғылт етіп, күнді нұр ғып қоямын.
Енді, міне, от тілін де ұғып алдым, білемін —
Тамұқ менен сұрап алсын кінәліге керегін.
Көкірегіме ұялаған бір бейнеңнен өзгені,
Жаратқанның бар асылын отқа берер кез келді,
Күлді жинап алсын, мейлі, менің сүйген адамым.
Ал мен болсам көз жасыммен жерді сел ғып саламын.
Жалын құшты, достым мені, көзім — жас, қаным — су,
Махаббатқа өртендім де, дүниеден кеттім бұл.
Уақыт бітті, сенсіз жерде ақтық тыныс демде,
Мәңгі қош бол... мен аттандым... мен кеттім»...


Кей сәтте ол Робияны еске алатын, шахтың өмірімен мансұқ болған өз махаббатым арман етіп, ақын достары — Шахид пен Мурадиды аңсап ұзақ күңіреніп. Ұлылар кетті бұ дүниеден пәкті, қасірет - қайғы, қызығы жоқ әр күнгі...


дейтін мұқай отырып. Оның өлеңдерінің әрбір жолдары тау шындарына жаңғырығып, кең жазира далаға, саманидтердің қалалары мен қыстақтарына, Индияның күрішшілері мен балықшыларына, Персияның бүкіл темір шеберлеріне тарап жататын. Таразының қақпасынан да еркін енетін, Робияның қайғылы халінен кейін барлық ақын атаулы мен өнерпаз сәулетшілер тастап кеткен, бұл күнде азып-тозған қаңырап қалған Балхыға да естілетін.


Кей уақыт ол шашының ағын қара бояумен бояп қоятын. Және жүргенде, басын кейкитіп, өзінін соқырлығына бас имеген адамша тәкаппар жүретін.


Өмір — теңіз.
Жүзгің келсе,
Ізгіліктен кеме жаса, —


деп ақыл айтатын ол жастарға. Халық оның осы сөздерін тасқа ойып жазған.


Қазір де мен жартас беттерінен, үйлердің қабырғаларынан, дуалдардан оның өлмес елеңдерінің жолдарын көріп отырмын. Туған қыстағы оған деген сүйіспеншілігін мың жыл тосқауылынан мәпелеп өткеріпті.


Әне, Устод жолдары қақпаның үстінен де ағараңдап көрінеді.


Дананың тілері — тыныштық пен ізгілік Топастық тілегі — соғыс пенен бүлік.


Мың жылдан астам уақыт бұрын Устод айтқан осы сөздер өзінің қасиетті терең мағнасын күні бүгінге дейін сақтап келеді, жер үстіндегі дихан атаулының жүрегінде жаңғырыға қайталанады. Ал осы өлмес жолдар осы бақтың ішінде туған. Осы бір таулар, Рудаки сүйіп өткен таулар поэзияның тағы боп орнап, мәңгіге тақ болып қалған.


... Күн өзінің бүгінгі сапарын тамамдап, Уфа шыңына «Жыр тауына» иек артқан. Устодтың ізімен шыққан менің сапарымның да соны таяды. Біз Рустам бабамен қоштастық. Бақ ішінен шыққанбыз. Сонымыз жайлап қана жабылды.


Мен бағбан қарт берген екі алма алып келемін. Рудаки бағында өскен қос ақ алма.


Орысшадан аударған: Сайын Мұратбеков


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы