Өлеңдер ✍️

  14.09.2021
  152


Автор: Еркін Оралбай

ТҮСІМЕ КЕЛШІ, КҮЛІМДЕП!


Сезімнің сыйлап тұнығын,
Көңілді гүлдей тербеттің.
Тəп-тəтті ерке қылығың,
Тəнті етті мені, Келбеттім!

Шуағын төккен жаныма,
Өтейін сені күнім деп.
Сəттерде қалған жабыға,
Түсіме келші, күлімдеп!

Мезгілсіз келсе жарлы мұң,
Жетелеп ойға шұбалаң.
Жұлдыздай жарқын Жарығым,
Өзіңді ойлап жұбанам.

Сағынған жанға ғашығын,
Болар ма медеу құр төзім?
Жұбатар жанды Асылым,
Сүйемін деген бір сөзің.

Қуаныш болса тілегің,
Жалғанда мына уайым көп.
Қақ жарып өмір түнегін,
Атайын әппақ таңың боп!

Өртерін ішті күйіктің,
Сезініп бұрын біліп пе ем?
Көрем деп сені сүйіктім,
Өтуде əр күн үмітпен..

Демегін сонша аңғал ма,
Амалын қалай таппақ бұл?
Бір күні барсам, таң қалма,
Қолыма ұстап әппақ гүл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу