Өлеңдер ✍️

  14.09.2021
  455


Автор: Еркін Оралбай

КӨК БАЙРАҚ

Көк байрақ тұрсын биікте,
Желбіреп бұлтқа тиіп те.
Көк байрақ ұлттың жүрегі,
Ұстайық оны биікте.

Көк байрақ қазақ намысы,
Қəдірлеп ұстап бар кісі.
Бәрінен қымбат өз туым,
Болса да тулар сан түсті.

Көк байрақ қазақ тірегі,
Отан деп соқса жүрегі.
Биікте тұрсын көк туым,
Қазақтың тілер тілегі.

Көк байрақ көкте желбіре,
Қуантып мені елді де.
Байрақты құрмет тұтайық,
Кең байтақ жатқан жерді де.

Көк байрақ үшін жан пида,
Желбіреп көкте шалқиды ә.
Құлатпай ұста көк туды,
Болса да заман əрқилы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу