👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  14.09.2021
  1928


Автор: Еркін Оралбай

АЛЛАДАН БҰЙРЫҚ ЕРТЕ КЕП

ЖАНЫҢ ЖӘННАТТА БОЛСЫН БАУЫРЫМ.
СЕН ОРТАМЫЗДАН КЕТКЕЛІ ЖЕТІ ЖЫЛ. ДҰҒАМЫЗДАСЫҢ БАУЫРЫМ.

АЛЛАДАН БҰЙРЫҚ ЕРТЕ КЕП

(Марқұм Ерлан ініме)

Шықсаң да биік заңғарға,
Соңыңнан ерер ер керек.
Мәңгілік жасар жан бар ма?
Тұрмассың мәңгі жер тіреп.

Алмассың қашып құтыла,
Сұм ажал келсе ентелеп.
Қаларсың қайғы жұтына,
Мына өмір неге келте деп.

Шойындай мықты діңгегі,
Сынғандай кәрі кер терек.
Соққандай болды түн лебі,
Қайғысын ажал ерте кеп.

Едің ғой жалғыз тірегім,
Соңымда жүрген еркелеп.
Қырандай өткір түлегім,
Тастадың қайғы өрте деп.

Мезгілсіз сөніп шырағың,
Өмірден кеттің ертерек.
Бейіштің жүйрік пырағын,
Болды ма ойың ерттемек.

Таусылып дәм-тұз қапыда,
Қызығын ұлдың көрмедің.
Қол салып тағдыр қақыңа,
Салды ажал қара өрнегін.

Жия алмай есті сенделдім,
Ұрғандай таспен мәңгіріп.
Білсем де бір сәт сенбедім,
Өмірдің жоғын мәңгілік.

Көз салсам артқа қарайлап,
Қалғандай ашық тыл жағым.
Ажалды жеңді дара ойлап,
Тағдырға айтып кім шағым.

Оралмас кеткен кемелер,
Жұтқанмен қайғы жақ ұстап.
Қолымнан басқа не келер,
Отырмыз құран бағыштап.

Бақытты жанған өсірмей,
Тағдыр-ау бар ма бұлдарың?
Атыңды жалғар өшірмей,
Артыңда қалған ұлдарың.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы