Баталар ✍️

  08.09.2021
  217


Автор: Асаба (тамада)

Тойға бата

Жас баланың күлкісін берсін,
Жас ананың ұйқысын берсін.
Жомарттың қолып берсін,
Жортқыштың жолын берсін!

Қыздың қылығын берсін,
Судың тұнығын берсін.
Асаудың орынын берсін,
Түнгі оттың жарығын берсін!

Асқар таудың таңдығын берсін,
Бұлбұл құстың таңғы үнін берсін.
Даланың жазықтығын берсін,
Гүлдің нәзіктігін берсін.

Теңіздің тереңдігін берсін,
Қыранның көрегендігін берсін!
Ердің коңілін берсін,
Бүркіттің өлімін берсін!
Лашынның жүрегін берсін,
Нағыз достың тілегін берсін!


Мәнгі-бақи ажырамас,
Шын ғашықтың білегін берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу