Өлеңдер ✍️

  08.09.2021
  2232


Автор: Асаба (тамада)

Тамада амандасуы

Байлығын тойына деп жинайтұғын қазақпыз,
Қонағын кұдайындай сыйлайтұғын казақпыз.
Жауын да жаман атка қимайтұғын қазақпыз,
Нарықта да той жасауын тыймайтұғын қазақпыз.

Той көрмесек апталап сағынатын қазақпыз,
Ата-баба салтына бағынатын қазақпыз.
"Той" десе істеп жатқан тірлігін тастай салып,
Бір кісідей ағылатын қазақпыз.

Той үстінде қауышып, көрісетін қазақпыз,
Қуанышты бірігіп бөлісетін қазақпыз.
Тойға арнап сияпат берісетін қазақпыз,
Үлкендердің сөзімен келісетін қазақпыз. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу