Өлеңдер ✍️

  08.09.2021
  3403


Автор: Асаба (тамада)

Асаба амандасуы

Ассалаумаағалейкум, қайран елім,
Тойға деп дастарханын жайған елім.
Қуанышын бөлу үшін ел-жұртымен,
Қорада мал қалдырмай сойған елім.

Қалайсындар, төрде отырған кұдаларым,
Сәлем бермей сіздерге шыдамадым.
Қылыкты кұдағи мен құдашалар,
Аларсындар сөзімнің ұнағанын.

Қош келдініз, қазыналы қариялар,
Қариялар суы тұнык дариялар.
Сіздер берген ақ бата қабыл болып,
Бақытқа жетті талай жанұялар.

Бармысындар, байырғы жұрт нағашылар,
Нағашысы бар жаңның бағы ашылар.
Жиендерге нағыз сүйеу болып жұрген,
Сіздер десем, кәне кімнің таласы бар?!

Жағдай қалай, жиендер мен бөлелерім,
Қуаныштан көкке жетсін төбелерің.
Сендер барда бағымда бұлбұл сайрап,
Сендер барда шаттыққа кенелемін.

Келдің бе, әпке, жезде, күлім қағып,
Кеудене қуанышты гүлін тағып.
Қамқоршының біреуі сендерсіндер,
Билейтұгын тойымда топты жарып.

Хал қалай, аға, женге жайнандаған,
Өздеріндей жанашырды қайдан табам?
"Ағаң барда жағаң бар" деген сөзді,
Дәл тауып қалай айтқан қайран бабам?!

Қайран достар, коллектив, қауымдастар,
Армысындар, ары биік ауылдастар!
Сендерге де жалынды сәлем бердім,
Іні, келін, күйеу бала, қарындастар!

Асаба боп бұл тойға мен де келдім,
Қоржыныңды қолтыктап сен де келдің.
"Сәлем- сөздің анасы"- аталы сөз,
Басымды иіп жамағат, сәлем бердім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу