05.09.2021
  1366


Қадірлі достар

Бір өте бақуатты қария дүниеден өтіп бара жатып құдайдан «Құдай маған кішкене өмір берші» деп жалынып сұрапты. Сонда Құдіреті күшті Алла тағала әлгі қарияның көзіне көрініп:

- Пендем қанша өмір сұрайсың? – десе, әлгі қарт:
- Ағаштың жапырақтарымен тең өмір – депті, сонда Құдай:
- Адамға берілген өмірдің өзі жетпейді жапыраққа – депті.
- Онда қанша бұтақ бар, соншама – десе,
- Ол да жарамайды, тым көп, - депті Алла тағала, сонда әлгі қария:
- Онда қанша өмір бере аласыз? – деп сұраған көрінеді, сөйтсе:
- Өмірде қанша досың бар, соншама өмір беремін – депті Құдай. Сонда қария көзіне жас алып о дүниеге жүріп кетіпті. Өйткені ол өмірін дос жинаумен емес, дүние жинаумен өткізген екен еді.

Біздің халықта «жүз теңгең болғанша, бір досың болсын» деген мақал сөз бар.

Қадірлі достар, өмірде досың жоқ болғанша, өмір сүрмеген жақсы, дүние артта қалар, ал досың бар болса, сен мәңгі бақи өмір сүресің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу