Өлеңдер ✍️

  02.09.2021
  121


Автор: Айша Балтахаева

Шыбын

Көптен бері қыбырлап, боп жатқан соң той қамы,
Көйлек тігіп отыр ем, өнерді жиып бойдағы,
Бар ойым мен зейінді мың аударып , сан бұзып
Бір «оңбаған» көк шыбын маза бермей қойғаны.

Басында мен де қоймадым түр танытып елеген,
Мына бәле көк шыбын мазасыз-ау не деген,
Қазір тағы көйлекке қона кетсе мен аңдып
Қолымдағы оймақпен баса қоям деген ем.

Оймағыммен ойнады, ашуға қатты кенелдім,
Шыбын қуған шымшыққа өз ойымша теңелдім
Оймағымды тастай сап, қағаз алдып қолыма,
Орап алып артынан мен жүгіре жөнелдім.

Ашу кернеп бойымды, Ызаменен қылғынып,
Жынды адамша бөлмеге мың кірдім ау, мың шығып
Абайсызда қолыма іліне кеткен балтамен,
Шыбын емес Құдай-ай терезені алдым сындырып.

Ашу дұшпан ақыл дос, бұл белгілі бұрыннан,
Жылап алдым ұялып пыш-пыш етіп мұрыннан,
«Анам келсе не деймін... терезенін сынғанын»-
деп бұл жолы мендегі шырылдады шыбын жан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу