31.08.2021
  420


Автор: Жанәділ Райымбеков

Қарапайымдылық

Байлықтың сынағынан ауыр нәрсе жоқ. Кез - келген сынақта адамның алдынан екі жол шығады. Не адам сол сынақты жіберген әрі оның шешімінің кілті қасында болған Аллаға жалбарынады, құлшылықпен жақындайды, не керісінше проблеманы "ұмытам" деп ішімдікке салынады, харам екенін біле тұра кредитке ұрынады, әйелімен ұрысады т.б. Ауру, қарызға бату, ұрпақ сүйе алмау, жақынынан айырылу тб көптеген сынақта адам Аллаға жақындайды. (бәрі емес әрине). Ал байлықтың сынағы келген кезде көбіне кісі кері кетеді. Себебі ол оны сынақ деп білмейді. "Бұл дүние мүлікті Алла маған "қайтер екен?", "қайда жұмсар екен" -деп сынағалы берді",- деген ой келе бермейді оның санасына. Ол бәрін "өзім тауып жатырмын" деп ойлайды. Ал Алла Құранда: "Кеңшілік иесі, бай кісі; өзіне Алланың берген мүлкінен (кедейге) нафақа берсін. Алла біреуге оған бергенінен артық жүктемейді",-дейді. (Талақ сүресі, 7-аят) Яғни "Алланың берген мүлкінен",-деп ол дүние сенің пысықтығыңнан не ақылыңның көптігінен келіп жатқан дүние емес екендігін ұғындырады.
Одан да қорқыныштысы адамның дүние-мүлігі көбейген сайын ол өзін "бай емеспін" деп есептейді. Өйткені ол өзінен жағдайы жағарыға қарайды да қиналады, кедейлене түседі. (бәрі емес әрине).
Сондықтан ғалымдар:
«Мирастың жақсысы – білім.
Өнердің жақсысы – әдеп.
Ахиретке алатын азықтың жақсысы – тақуалық.
Тауардың жақсысы – ғибадат.
Жолбасшының жақсысы – ізгі амал.
Жолдастың жақсысы – көркеммінез.
Уәзірдің жақсысы – даналық.
Байлықтың жақсысы – қанағат.
Тәрбиешінің жақсысы – өлім»,-деп бекер айтпаған екен.  




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу