Өлеңдер ✍️

  31.08.2021
  375


Автор: Медеу Демеу

Құттықтау

Құрметті Гүлсана!
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып: деніңе саулық, отбасыңа бірлік-береке, кенен табыс, қызыметте өрлеу және көктемдей көтеріңкі көңіл тілей отырып, мына өлең жолдарын өзіңе арнаймын:

Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңмен бүгін,
Құттықтайын сені.

Қарау жүрсін қашық,
Алшы тұрсын асық.
Берекесін берсін,
Сен жасаған кәсіп!

Болса да өзге жүрек,
Адамға адам-тірек.
Саған айтар мынау,
Мерекелік тілек:

Әр таңдарың атқан,
Бақыт берсін батпан.
Құрастырсын құдай,
Табысыңды тапқан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу