Өлеңдер ✍️

  31.08.2021
  293


Автор: Медеу Демеу

Қолымды алдың

Көрік пе едің, айнам-ау, елік пе едің,
Тұтқындалдым өзіңді көріп керім.
Өзіммен өзім болып отырғанда,
Қолымды алдың жымиып келіп менің.

Қолымды алдың, жүрегім дүрсіл қақты,
Жан екенсің биазы, тым көрікті.
Дөңгеленіп бейледік біз екеуміз,
Қош жүректе белгісіз бір сыр жатты.

Уақыттың сынаптай тезін біліп,
Жасамаса жарады сезін бүлік.
Жарасып тұр тұлғаң да, көрікің де,
Жарасып тұр көзіңе көзілдірік.

Көрінген соң көп қыздан дараланып,
Өлең жаздым өзіңе қалам алып.
Ағаң болып өтем мен ақкөңіл қыз,
Шын қарындас болсаң сен маған анық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу