Өлеңдер ✍️

  31.08.2021
  198


Автор: Медеу Демеу

Ауырмашы

Ауырмашы, ауырма, ауырмағын,
Емдей алар дейсің бе, тәуір дәрің.
Сүтке тойған мысықтай сырт айналар,
Сәлем берсе елпілдеп, сауыңда кім.

Көтер басты, бой ұрма дерт дегенге,
Қызып-жанып жатқанмен өрт денеңде.
Мына өмірде жұмыстар жетіп жатыр,
Бас қатырар біздерге дерттен өңге.

Сауық, жаным, көзіңе мұң үйірме,
Ата анаңның алдында, жүр үйіңде.
Мені айналып өтпейді сенсең егер,
Қуанышың, бақытың, күйігің де.

Тірлікте бұл тартымсыз божыраған,
Енді айтылар көп болса азырақ ән.
Дәрігер мен дәріден дәрмен кетсе,
Өлеңіммен өзім-ақ жазып алам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу